Ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы

1 июня 2017 - Веб-редактор
article13949.jpg

Қазақ елі өз тәуелсіздік ғасырының бестен бірін толтырды. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы бір қысқа мерзімге қарамастан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам басып келеміз. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыстың өзінде ұлттық экономикамыз өсуін жалғастырды. Бүгінгі күні мен үшін 2050 Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абырой» деген еді. Сонымен қатар, Елбасы алдағы уақыттағы болуы мүмкін қолайсыз экономикалық жағдайларға қарамастан өңірлердің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық өсімнің төмендемеуін қамтамасыз етуді тапсырған. Міне, енді аталған Жолдаудың іске асырылу механизмдері облыс басшысы Архимед МҰХАМБЕТОВТЫҢ Науырзым ауданындағы кезекті іс-сапар барысында да нақтылана түсті. 

 

 

Әлеуметтік нысандардың жай-күйі

 


Өңір басшысы іс-сапар жұмыстары барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына басты назар аударды. Сондықтан алдымен маңызды әлеуметтік нысандарды аралап, өз бағасын берді. Солардың бірі, ауданның әлеуметтік-экономикалық өсуіне үлес қосып келе жатқан наурыз айында ашылған «Шаңырақ» атты қонақ үй. Жұмыс жасап жатқанына біршама уақыт болмаса да, мұндағы тұрғындарға айтарлықтай қызмет көрсетіп келеді. Бұрын ескі ғимарат болған мұны қонақ үйге айналдырған осы өңірдің тумасы Бақытжан Мұттақов. Қалтасындағы қаражатты игілікті иіске жұмсап, келген қонақтарға жақсы қызмет көрсетіп, көңілін тауып келеді кәсіпкер. Оның айтуынша, мұндай жобаны қолға алуға түрткі болған өңір басшысы Архимед Мұхамбетовтың «Көркейе бер, Қостанай» атты былтырғы акциясы. Осы бастаманы қолдау мақсатында өңірдің көркін бұзған, қаңырап тұрған бос ғимаратты сатып алған. Оны жаңарту үшін 30 млн теңге көлеміндегі қаражатты жұмсап, тәп-тәуір қонақ үй салған. Қарамеңдіде орналасқан қонақ үйді салуға аудандық басшылар да өз қолдауын білдіріпті. Қонақ үйдің бір бөлігі еуропалық, бір бөлігі ұлттық нақыш стилінде безендірілген. Енді алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесі аясында «Науырзым» қорығын тамашалауға келген шетелдік қонақтардың тұрақтайтын баспаналары болады деп күтілуде.

 


Жаңа ғимараттың іші-сыртымен танысып шыққан аймақ басшысы оң көзқарасын білдірді.

 


– Елбасы айтқан «Туған жерге туыңды тік» сөзінің, бүгін міне айқын дәлелін көрсетіп отырсыз, – дейді облыс басшысы. – Әр адам өзі өсіп-өнген, тәлім алған туған жеріне осындай игілікті істер атқарса қандай жақсы. Науырзым ауданына сырттан келімді-кетімді қонақтар өте көп. Сондықтан сондай меймандардың жағдайын жасау біздің міндетіміз. Сіздің бұл бастамаңыз көпке үлгі болары анық. Алдағы уақытта Мемлекет басшысының мақалада келтіріп өткен «Туған жер» бастамасы аясында біршама істер атқарылатынына сенімдімін.

 


Бақытжан Мұттақов іске жаратқан бұл алғашқы ғимарат емес. Қарамеңдіде бұған дейін наубайхана мен тойхана ашқан. Соның арқасында, ауыл тұрғындарының біразы жұмыспен қамтылып отыр. Мәселен, жаңа қонақ үйде сегіз адамға қызмет табылған. Жалпы аумағы 442,7 шаршы метрді құрайтын жаңа ғимаратта 12 адамдық орын бар.

 


Қонақ үйді мұқият қарап шыққан соң Архимед Мұхамбетов Қарамеңді ауылындағы Жамбыл орта мектебіне бас сұқты. 1982 жылдан бері жұмыс жасайтын білім ордасы күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етіп, 2016 жылы «Науырзым аудандық білім бөлімі» ММ-нің қолдауымен 148 мың теңге қаражат бөлініп, қайта жаңартылған. «Спикер» ЖШС компаниясы мердігерлік етіп, жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 2016 жылдың бірінші желтоқсанында аяқталуы тиіс болған. Сол жоспарлы жұмыстарда уақытылы аяқталыпты. Оқу ордасының бүгінгі хәл-ахуалымен таныстырған мектеп директоры Бейсен Қабылов оң өзгерістердің бар екендігіне тоқталды. Мысалға, мердігер компания күрделі жөндеу жұмыстарынан бөлек, мектептің материалдық-техникалық базамен қамтылуын да қолға алған. Сөйтіп, оқу ордасы 82 компьютер және жеті интерактивті құрылғылармен толыққан. Және де ұлдар ме қыздар шеберханаларына да қажетті құралдар әкелінген. Бүгінде 33 мұғалім қызмет жасайтын мектептегі оқушылар саны 280-нен асады. Ал биылғы жылы бітіруші 12 түлек бар.

 


Қазіргі таңда мектеп білім сапасы жағынан да жақсы нәтижелер көрсетіп жүр.

 


Ауданның тыныс-тіршілігі

 


Өңір басшысы жалпы аумағы 190 мың шаршы метрді құрайтын «Науырзым» қорығын аралады. Әулиекөл мен Науырзым аймағын алып жатқан қорық 1931 жылы ашылып, ЮНЕСКО заңымен қорғауға алынған. Мұнда сол жылдардан бастап бірнеше ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Архимед Мұхамбетовтың айтуынша, санаулы күндерден соң өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында келетін қонақтар аталмыш қорықты көруге де ат басын бұрады. Сол себептен, оның әсем табиғаты мен өзге де қызықты ақпараттарымен таныстыру үшін қазірден бастап үш тілді білетін азаматтарды жұмылдырған дұрыс. Бұл шетелдік қонақтардың өңіріміздің тарихынан сыр шертетін «Науырзым» қорығымен таныс болуына және аймақ туралы оң ой қалыптастыруына өз септігін тигізеді.

 


Іс-сапар жұмыстары барысында облыс басшысы «Шолақсай-1» серіктестігінің диқандарымен де жүздесті. Науырзым ауданында көктемгі егіс жұмыстары 70 пайызға аяқталған. Қалған жұмыстар маусым айында аяқталмақ. Биылғы көктемгі-егістік жұмыстарына 700-ге тарта трактор, 1 500 себу құралдары және 30 жоғары себу кешендері мен өзге де ауыл шаруашылық техникалары тартылған.

 


Ауданға Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 127 970 мың теңге қаражат бөлінген. Соның ішінде, 98 мың теңге ауыл шаруашылық кооперативтерін құруға, 83 мың теңге қаражат бордақылау алаңдарын ашуға, ал 12 мың теңге ет бөлшектеу орындарына жұмсалған. 29 мың теңге ақша шағын кәсіпкерлікті ашуға кеткен.

 


Мұнда «Сыбаға» бағдарламасы аясында 1 878 бас, «Құлан» бағдарламасы бойынша 57 бас, «Алтын асық» арқылы 625 бас мал сатып алынған.

 

 

Ақбота САҚҰЛОВА
суретті түсірген Кенже ҚОНЫСБАЙ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев