Сауаттылық деңгейін көтеру үшін

29 мая 2014 - Веб-редактор

Сарыкөл ауданында діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткізіп жатқан шаралар аз емес. Ауданда құрылған ақпараттық насихат тобы ауылдарға барып, жұртшылықты түзу жолдан адаспауға шақырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 2014 жылды «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялағаны жамағат есінде шығар. Мешіт жанында ұйымдастырылатын кеңес-сабақтардың дені осы аталым аясында өтіп жүр.


Қазақ халқы зор рухани байлық мұрагері. Ата-бабамыз сан ғасырлар бойы өз ұрпағын имандылыққа баулып, өнегелі де өнерлі, ибалы да инабатты, адамгершілігі мен ары жоғары, намысшыл етіп тәрбиелеп келгені тарихи шыңдық. Қазақ халқында қалыптасқан дәстүр мен ділдегі ұғымдардың басым көпшілігі ислам дінімен бірге өрбіген. Кешегі билер тұсында түрме, жетімдер үйі, тастанды бала деген ұғымдар, қарияларды қарт-тар үйіне апарып тастау, өз-өзіне қол жұмсау, есірткі заттарын пайдалану атымен болған емес. Сондықтан да, дәстүріміздегі әдеп-ғұрыпты, санамызға сіңген үйреншікті дағдыларды, ұғымдар мен сөздерді жоққа шығара алмасымыз аян. Дәстүрлеріміз дін негізінде қасиетті Құранда жазылған. Осындай ұғымды насихаттау мақсатында, Аққозы қажы аудандық мешітінде дәріс өткен болатын. Бас имам Дәулетбай қажы Әбдіхалық жамағатқа шариғаттағы шарттар, әдет-ғұрыптың өзгеруі мен дін мен дәстүрдің байланысы турасында кеңінен толғап түсіндірді.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Адамның санасында дін және ұлттық сезімдер әрдайым тығыз астасып жатады. Қазіргі қоғамда діні мен танымы мүлде басқа халықтардың теріс қылықтарын таңсық көріп, салт-санамызға енгізудің зардабынан, ұлттық болмысымыз бен мұсылмандық пейілімізден ажырап бара жа-
тырмыз», – деген. Мемлекет басшысының осынау сөзін мысалға алған имам ата-анаға құрмет, жетім-жесірдің ақысы жайында да тағылымға толы дәрістер оқыды. Сондай-ақ оқушыларға Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай Алтынсарин сынды данышпандардың кітаптарын оқып жүруді ұсынды. Келелі дәріске келгендерге «Ақида» сабағының «Әбу-Ханифа» кітабын үлестірді.


 Сарыкөл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, ақпараттық-насихат тобының мүшесі Елена Бауэр халық арасында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған ауқымды шаралардың басы-қасында жүр. Сәуір айында бірқатар мекемелерде кеңестер, отырыстар ұйымтастырды. Сондай шаралардың бірі «Ұлан» МКК ұжымымен өткен еді. «Ислам және христиан діндері рухани конфессияларының негізгі құндылығы – адамдық» атты тақырыбында баяндама жасап, қос діннің адалдығын арқау еткен-ді. Онда дінге деген сенім, адалдық, халыққа, салт пен дәстүрге деген құрмет туралы әңгімелерге де орын берілді.


Кездесулер эстафетасы ма-мыр айында Краснознамен және Севастополь ауылдық округтеріне тиген. Тұрғындармен кездесіп, тілдескен Елена Бауэр бұл жолы да діни сауаттылықтың маңызына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, әйелдердің ислам мен православ діндеріндегі рөлі туралы тілге тиек етті. Басқосу барысында балалар тәрбиесі, отбасылық беріктік және халықтың салты мен дәстүрін сақтау төңірегінде де терең әңгіме қозғалды. Екі ауылдың тұрғындары тақырыпқа сай, көкейде жүрген сауалдарын жолдап, қанағаттанарлық жауаптар алды.


Мамыр айындағы келесі мамыражай жүздесулер Ленинград және Комсомол ауылдық округтерінде жалғасын тапты. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Елена Бауэр кездесуді Ақтөбе, Алматы, Ақтау қалаларында орын алған жат ағымдардың жаға ұстатарлық жағдайларын тілге тиек етуден бастап, еліміздегі діни бірлестіктер мен теріс ағымдар туралы баяндады. Өмірдің өзекті әрі ауқымды мәселесі көтерілген жиынға жиналған жұртшылық «иегова», «таблиги жамағат», «салафизм» ағымдарының іс-әрекеттерін біліп, адам мен қоғамға әкелер зардаптарына қа-нықты.


– Егер күмән тудыратын ағымдардың өкілдері ауылға келіп, дүйім жұртты жинап діни дәрістер айта бастаса, кешіктірмей бізге хабарласыңыздар. Мұндай жағдайды жедел түрде шешпесе, кейін кеш болады, – деп ескертті Елена Бауэр ханым.


Ауыл халқын көптеген ақпармен құлағдар еткен мұндай басқосулардың діни сауаттылық деңгейін арттыруға ықпалы орасан. Әсіресе, жастар мен мектеп оқушылары үшін жөні бөлек.


Руслан ӘЛКЕЙ
Сарыкөл ауданы

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео