Сұраныс та, ұсыныс та көбейді

29 мая 2014 - Веб-редактор
article4045.jpg

«ҚазАгро» ұлттық холдингі таратқан мәліметке сүйенсек, көктемгі егіс жұмыстарын несиелендіру үшін ең көп өтінімдер түсірген Қостанай облысы екен. Біздің аймақтан барлығы 962 өтінім жолданылған.


Осы жылы аталған қаржылық ұйымнан Қазақстандағы егіс науқанын қаржыландыруға 60 миллиардтан астам теңге бағытталып отыр. Оның жартысынан көбі (40 млрд) – бюджеттік несие. Мамандар холдингтен бөлінген ақша 6,2 миллион гектар жерде агротехникалық шараларды өткізуге мүмкіндік береді дейді.


Ұйымның таратқан дерегіне зер салсақ, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен барлығы үш мыңнан артық өтінімдер қабылданыпты. Оның екі жарым мыңдайы мамыр айының ортасына дейін мақұлданып, 14,5 миллиард теңгені құрайтын 1,6 мыңнан астам өтінімдер қаржыландырылған.


Несиеден үміттенгендер саны бойынша, Қостанайдан кейін, жеті жүзге жетеқабыл өтініммен Ақмола облысы тұр. Оңтүстік Қазақстан облысынан 616, Солтүстік Қазақстан облысынан 357 және Павлодар облысы 144 өтінімдер жолданылыпты.


Егін науқанын қаржыландыруға «ҚазАгро» ұлттық холдингінен бөлек, екінші деңгейлі банктер де араластырылып отыр. Олардан қазірге дейін 16,2 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.


Биыл көптеген шаруалар машина-трактор паркін жаңалауға кіріскен. Лизинг және несиелендіру жүйелері бойынша, 11,6 млрд теңгені құрайтын 1334 техникаға сұраныс түсіпті.


Айтпақшы, жақында ғана мәлім етілгендей, «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» 2014 жылы көктемгі егістік және күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру сомасын ұлғайту туралы шешім қабылдады. Несиелік қаражатқа деген сұраныс-тың ұлғаюына байланысты, «Егінжай» бағдарламасының қаржыландыру сомасы 1 миллиард 660 миллион теңгеден 1 миллиард 938 миллион теңгеге дейін молайтылды. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға Қор өз қаржысын жұмсап жатқаны жөнінде ақпар жария етті.

Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

 

comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии