Насихат тобы ел аралап жүр

29 мая 2014 - Веб-редактор
article4040.jpg

Халықтың діни сауатын, көзқарасын кеңейту үшін Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының жанынан республикалық ақпараттық насихат тобы құрылған еді. Топ мүшелері әр өңірдің тұрғындарына дәстүрлі ислам дінінің құндылықтары мен теріс ағымдардың әрекетінен сақтанудың жолдарын түсіндіріп жүр.


Насихатшылардың бір шоғы-ры Қостанай жеріне ат басын тіреді. Олар бүгіндегі өзекті мәселе – «Лаңкестік және экстремизммен күрестің болашақ үшін маңызы» тақырыбында пікірлерін ортаға салып, келелі әңгімелер айтты. Басқосуға арнайы келген ақпараттық насихат тобының өкілі, қарағандылық дінтанушы Рүстем Сыздықовпен бірге, Марал ишан мешітінің наиб имамы Бақытжан Икрамұлы, Қостанай облыстық дін істері басқармасының бас маманы Сапарғали Әбдиев қатысып отырды. Қала-аудан имамдары мен өзге дін өкілдері, ғалымдар да тақырыпты талқылауға атсалысты.


Кездесу Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада өткізілді. Қостанай облыстық дін істері басқармасының бас маманы Сапарғали Әбдиев шараның мақсатын түсіндіре келіп, жұртшылықты келген мейманмен таныстырды. Оған сөз кезегі ұсынылып, Отанымыздағы діни ахуал туралы толғамды ойын тыңдады.


– Біздің асыл дініміз қаншама заманнан бері адами құндылықтарды сақтап, бәрінен жоғары қойып келеді. Абырой мен ар-ождан, отбасы және қоғам тыныштығы, бірлігі, барлығы да биік ұсталып, тіршілік атау-лыға ешбір қиянат жасалмауға тиіс. Міне, осындай бейбіт қарым-қатынас пен тату-тәтті өмір қалыптастыру – Ислам дініндегі басты мұраттардың бірі. Ал, ізгілікке бастайтын жолда «экстремизм» мен «терроризм»


деген түсінік қайдан болсын?! Дінімізге жала жауып, тамырымызға балта шапқысы кеп жүргендердің ісі ешқандай ақтауға тұрарлық емес. Кейбір жастардың теріс діни ағымдар жетегінде кету себебі ұлттық салт-дәстүрден, әдет-ғұрыптан, шариғи ілімнен бейхабарлығынан. Елімізге бірте-бірте дендеп еніп келе жатқан арам пиғылдылардың көздеген мақсаттары – мемлекетіміздің іргесін іріту, халықтың тынышын алу. Дәстүрлі емес діни топтардың таралуына тосқауыл қоюға, азаматтардың діни сауаттылығын арттыруға тек дін өкілдері ғана емес, жалпы қоғамның жұмыла кіріскені дұрыс, – деп тоқталды Рүстам Сыздықов.


Ел ішінде бүлік тудыруға құмар ағымдардан қалай сақтану керектігі жөнінде деструктивті ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының жетекшісі Юлия Калюжная әңгімеп берді. «Әхли-сүннет уәл-жамағат ақидасы және оның адасқан ағымдардың ақидасынан ерекшелігі» тақырыбында түсірілген бейнебаянның көрсетілімі де көпшілікті толғандырып тастағаны анық. Жиынға шақырылған оқушылар мен жастар кейбір діни ұйымдардың экстремизмге қатыс-тылығын, жат ағымдардың әрекеті мен бөтен ойларының негізін ұғынып үйлеріне тарқасты.


Келесі кездесулер легі қала, аудан мешіттерінде жалғасты. Ақпараттық насихат тобы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне де аялдаған. Онда студенттердің сұрақтары аз болған жоқ. Барлық сауалдарға дінтанушы Рүстем Сыздықов пен Марал ишан мешітінің наиб имамы Бақытжан Икрамұлы тұшымды әрі байыпты жауаптар қайтарды. Топ мүшелерінің мәлімдеуінше, енді мұндай мағыналы басқосулар дәстүрлі өткізіліп тұрмақ.


Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ 
 

comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии