Елі үшін еңбек еткен жан

19 января 2017 - Веб-редактор
article12809.jpg

Еңбектің адам баласының өсіп жетілуіне, абыройға, беделге ие болуына тигізетін әсері зор. Осыған сәйкес атақты еңбек адамдарының еңбек пен даңқы шыққан ер адамзаттардың қызметтерін неге атамасқа?! «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген сөз бекер айтылмаса керек. Елімізде кезінде мемлекеттің алға қойған міндеттерін өз дәрежесінде орындау үшін білім-тәжірибелері мен қажыр-қайратын барынша жұмсап, халықтың хал жағдайын жақсарту үшін қызмет екен жандар көптеп саналады. 

 

 

Солардың бірі, социалистік Еңбек Ері – Назарбек Сәндібеков (суретте). Ол кісі 1928 жылы 14-ші сәуірде кедей-шаруа отбасында бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданына қарасты Албарбөгет деп аталатын қазақы ауылда дүниеге келді.

 


1934 жылдан 1943 жылға дейін ауылдық жалпы білім беретін мектепте білім алды. 1943 жылы сегізінші сыныпты аяқтағаннан кейін осындай еңбекқорлық пен құлшыныстың арқасында Назарбек аға қазіргі Сарыкөл селолық кеңесінде хатшы болып қызмет атқарады. Одан кейін, 1947 жылдан бастап колхоз есепшісі болады. Осы жылы Қарасу ауданындағы Құсмұрын кеңшарына бас агроном болып жоғарылатылды.

 


Сол жылдары шаруашылықтағы жұмыс та барынша жанданып, егін шаруашылығы дамиды. Ондағы күллі мамандарға біліктілікпен өнеге көрсетіп, түпкі нәтиженің мол болуына көңіл бөледі.

 


Назарбек Сәндібеков 1950-1951 жылдар аралығында Алматы қаласында есепші курсында оқиды. Одан соң 1953 жылдан бастап аудандық байланыс конторының басшысы қызметінде жүреді.

 


Ал 1959 жылы аудандық партия комитеті мен ауыл шаруашылық басқармасының ұсынысымен екі жылдық Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы Қапланбек зоотехникалық-ветеринарлық техникумында агроном мамандығында оқып, оны 1961 жылы аяқтап шығады.

 


Дәл осы жылдан бастап «Құшмұрұн» совхозында бас агроном қызметіне орналасады. Кейіннен 1965 жылы «Майский» совхозына директор болып тағайындалады. Білімін жоғарылату мақсатында Целиноград ауыл шаруашылық институтына сырттай оқуға түсіп, оны 1967 жылы аяқтайды.

 


Назарбек Сәндібековтың басшы ретіндегі нағыз іскерлік қырлары осы жерде директор болған кезінде жан-жақты көрінеді. Шаруашылықты шеберлікпен жүргізген Назарбек Сәндібековтің қайраткерлігі, өз міндетіне деген ерекше ынта-ықыласы мемлекет тарапынан да қолдау тапты. 1967 жылы оған Социалистік Еңбек Ері жоғары атағы беріледі.

 


Содан кейін кешегі білікті директор Қарасу аудандық атқару комитетінің төрағасы болып жаңа қызметке кіріседі. Осы екі жыл ішінде аудан танымастай өзгереді. Өзінің жақсы басшы екендігін мұнда да жұмыс барысында дәлелдей түседі.

 


Ол 1967 жылдан 1969 жылға дейін Қарасу аудандық атқару комитеті нде еңбекші депутаттар кеңесінің төрағасы, одан кейін 1969 жылы Сарыкөл ауданы «Тагилський комсомолец» совхозының директоры болады.

 


Назарбек Сәндібековтың ғұмырының соңғы жылдарында Ақмола облысы, Жаңадала аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып жүріп өткізеді. Ол онда 1990 жылы кенеттен қайтыс болады. Марқұмның денесін кезінде өзі ұзақ жылдар бойы адал қызмет атқарған Қарасу ауданының орталығындағы мұсылмандар зиратына қойды. Басына үлкен бюст орнатылды.

 


Ол сүйген жары Жәлел Оспанқызы екеуі көп жылдар бойы жарасымды ғұмыр кешті. Жәлел апамыз он құрсақ көтерген батыр ана. Бұл күндері сол ұрпақтарынан алты ұл мен екі қыздары елімізде жақсы қызмет атқарып жатыр. Солардан 15 немере мен бірнеше шөберелері бар.

 


Бүкіл саналы өмірін республикамыздың әлемге танылуына арнаған даңқты жерлесіміз кезінде КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты да болып сайланды. Қос Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Даңқ секілді орден және бірнеше медальдармен де марапатталды.

 


Назарбек Сәндібеков 1973 жылы дүниежүзілік бейбітшілікке байланысты шет елдегі өткізілген конгреске делегат болып қатысып, қазақ елінің мәртебесін көтерді. Қарасулық азаматтар ауданның өркендеуіне айтарлықтай үлес қосқан Назарбек Сәндібекұлының есімін мәңгілік қалдыру мақсатында ауданның орталығынан бір көшеге ағамыздың есімін берді. Бұл да болса оған деген ерекше құрметтің белгісі.

 


Келешек ұрпақтың да, Назарбек ағамыз сияқты азаматтардан үлгі алып, еңбекқор болып өсуіне аға жолы жәрдемдессе нұр үстіне нұр. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, еңбек ардагерлерін бір зерттеу жұмысымен айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтанда, біз елге деген еңбекқорлығымен, еңбексүйгіштік, адал қызметімен халық қалаулысы атанған асыл азаматтарымызды құрметтеу, жастарға үлгі ету-парызымыз. Бұл айтқанымыз болашағы бар жас ұрпаққа адал еңбектің не екендігін түсінуіне, еңбекқор болып өсуіне ықпал ететіні сөзсіз.

 

 

Ажар БАЛТАБАЕВА, «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты»
ММ археографы
сурет автордан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев