Ерлік мейрамы – елге мәртебе

14 мая 2015 - Веб-редактор

Бабаларымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтаныш және үлгі. 

 

Ешқашан жауынгерлер ерлігі мен еңбекші қауымның ерен еңбектері ұмытылмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев соғыс ардагерлеріне ерекше қамқор көрсетіп келеді. Биыл біз Жеңістің 70 жылдығы. Осындай ерлік мейрамын ардагерлер үшін дайындау – біз үшін үлкен мәртебе. Адамзатқа қауіп төндірген сұм соғыстың зардабын тартып, Отан үшін жан беріскен ардақты ардагерлерімізді құрметтеу, соларға арнап мереке өткізу – маңызы зор қадам.
 
Ұлы Отан соғысында жеңіске жетелеген ғажайып – ел бірлігі. Қаншама халық күш біріктіріп, бір ту астына, бір арнаға салды. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақстандықтар да өзінің лайықты үлесін қосты. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Мәс-кеу мен Ленинград үшін болған ұрыстарда табанды ерлік көрсетті. Сол бір жылдар қазақ халқының өз Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлт бірлігін дәлелдеді. 497 жерлесіміз, оның ішінде 96 қазақ азаматы Кеңес Одағының батырлары атанды. Олардың ішінде, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалар болды.
 
Менің нағашы атам Мұхан Махмұтов 1941 жылы майданға барып, сол жылы қаза тапқан. Ол Сарыкөл ауданы, Чехов ауылының тұрғыны болған. 
 
Болашақ ұрпақты Отанын шексіз сүюге, достық пен бірлікті қадірлеуге тәрбиелеу – бүгінгі адамзат міндеті. 
 
Мадина АУБАКИРОВА, 
№2 Ұзынкөл орта мектебінің 9-сынып оқушысы 
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео