Үнемі үлгі тұтамын

14 мая 2015 - Веб-редактор

Біз әрқашан Отан үшін, біздер үшін күрескен ата-әжелерді құрметтеп, оларды ұмытпауға тиіспіз. Олардың есімдері тарихта алтын әріппен жазылды. Ұлы Отан соғысына қатысқан менің де атам бар. Ол – Молдаш Станкин.

Молдаш Станкин 1917 жылы дүниеге келген. Соғыс басталмас бұрын орта білім алып, ауыл мектебінде мұ-ғалім болып жұмыс істеді. Содан соң ол кездегі Демьянов ауданының «Жаңа тілек» ауылында бастауыш мектеп меңгерушісі қызметін атқарды. Қызыл Әскер қатарына 1938 жылы шақырылды. 1941 жылы фашистер КСРО шекарасына шабуылдаған шақта ол лейтенант шенінде болатын. Мәскеу, Новгород қалаларын азат етуге қатысқан. Кавалериялық бөлімдерде қызмет етті, байланысшы міндетін атқарды. 1942 жылы Старая Русса қаласы маңында жарақаттанып, то-ғыз ай бойы Мурманск қаласында госпитальда жатып емделді.
 
1943 жылы денсаулығына байланысты, соғыстан үйіне қайтарылды. Отанына оралып, аудан орталығы болған Демьяновка селосында коммунистік партияның аудандық бөлімінде үгіт-насихат жұмыстарымен айналысады. 1945 жылы Күнтимес ауылында бастауыш мектеп меңгерушісі болып тағайындалды. Кейін Үйқызыл (Аманкелді) ауылында кітапхана меңгерушісі болады. 1979–1989 жылдары Ұзынкөл селосына көшіп келген. 1986 жылы 12 сәуірде дүниеден озды.
 
«Ұлы Отан соғысы» 1-дәрежелі орденімен, «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945 годы», «За отвагу», «За доблестный труд в Великой Отечественной войне 1941-1945 годы», тағы басқа мерейтойлық төсбелгілерімен марапатталды.
 
Мен атамды өзіме үнемі үлгі тұтамын. Атамның, сол сияқты басқа да жауынгерлердің ерлігі арқасында Отанымыз жаудан аман қалды. Оларға деген алғысымыз шексіз. Аталарымыздың жасаған ерліктерін ешқашан ұмытпауымыз қажет.
 
Аяжан СТАНКИНА,
№2 Ұзынкөл 
орта мектебінің 
8-сынып оқушысы 
comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео