Қырағылық қашанда қажет

22 мая 2014 - Веб-редактор

Ауыл шаруашылығы жерлерін үйірлі шегірткелерден аман сақтау бағытындағы жұмыстар нығайтылуда. Жангелдин ауданы әкімдігінде өткен кезекті кеңесте осы жөнінде кеңінен сөз етілді.


Кеңесте 2013 жылы атқарылған жұмыстар мен ағымдағы жыл жоспарлары талқыланды. Аудан әкімі Асқарбек Кенжеғарин алдағы жазда, аумақтық инспекция өкілдері ғана емес, ауыл әкімдері мен шаруа қожалықтары да қырағы болу керектігін тапсырды.


Былтырғы жылы Қостанай облысы бойынша үйірлі шегірткеге қарсы 1 млн 412 мың гектар жер өңделген, оның 25 мыңы Жангелдин ауданында. Ал, биыл ауданда 204 мың гектарға химиялық өңдеу жүргізілмек. Бұл жөнінде аумақтық инспекция басшысы Кемеңгер Қарағұл әңгімеледі.  
– Үйірлі шегірткемен күреске ауданымыздың әрбір тұрғыны атсалысса, – деп жұмыла көтерген жүктің жеңілдігін ол да еске салды.


Зиянды жәндіктермен күресті дұрыс ұйымдастыру туралы Республикалық фитосанитарлық диагностика және бақылау әдістемелік орталығы Жангелдин аудандық филиалының директоры Мейрамбек Нұрғалиев баяндады.


– Бізге әуелгі жақсы білуге тиіс нәрселер – шегірткелердің түрлері, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайлар, мониторинг және күресу шаралары. Онсыз ұйымдастыру жұмыстары нәтиже бермейді. Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіретін көп қоректі зиянкестердің италиялық, азиялық түрлері біздің аудан аумағында кең таралған. Торғай жерінде жиі кездесетін улы өсімдіктердің бірі – кекіре шөбі. Осыған байланысты, 22 мың гектар жер тексеріліп, бес мың гектардан анықталды.  


Мамандардың айтуынша, азия-лық шегірткелер ұрығының жетілуі үшін отыз-қырық күн жеткілікті. Олар қамыс-қопалардың сиректеу шеткі
жақтарына жұмыртқа салады. Ал, шегірткелердің сан құбылысын бақылауда ұстаған олар төрт бөлімнен тұратын кезеңдерін анықтаған. Бірінші кезең – ерте көктемде күбіршік бақылау. Екіншісі – дернәсілдің жұмыртқаны жарып шығуы. Үшіншіден, ең қауіптісі шегірткелердің қанаттанып ұшатын мезгілі. Төртінші – шегірткелер бір-бірімен шағылысып құмайт жерлерге өсіп-өнуі үшін жұмыртқа сала бастайды.

Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жангелдин ауданы

 

comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии