Санаға серпін берген форум

8 мая 2015 - Веб-редактор
article6705.jpg

Таяуда «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ әлеуметтік тапсырыс аясында қалалық «Іскер жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің және Жастар бастамалар орталығының ұйымдастыруымен, Ы.Алтынсарин атындағы гимназия залында «Мерейлі мұратымыз – Мәңгілік Ел» атты жастар патриоттық форумы болып өтті. 

Форумның негізгі мақсаты –жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу және Мәңгілік ел идеясының маңы-зын түсіндіру. Бүгінгі қоғамдағы дін атын жамылған секталардан сақтану, жаман әдеттерден аулақ болу сияқты тақырыптарды да қамтыды. 
 
Форум аясында жастар автошеру ұйымдастырып, олар қаланың Абай даңғылын «Мәңгілік Ел» ұрандарымен жүріп өтті. Шеруден кейін жігерлі ұл-қыздар «Мерейлі мұратымыз – Мәңгілік Ел» атты флеш-мобқа қатысты. Бірдей киінген олар еліміздегі ұлттар бірлігін, конфессияаралық қатынастарды біркелкі би қимылдарымен бейнелеп көрсетті. Флеш-мобты қала әкі-мі Ғазиз Бекмұхамедов және қаланың құрметті азаматтары мен мекеме басшылары да тамашалады. Жастар флеш-мобынан кейін форумның негізгі бөлімі басталды. Айта кету керек, биылғы форум Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып отыр. Шара басында Қазақ хандығының құрылуы мен халықтар бірлігін насихаттайтын тарихи көріністер қойылды. Форумның ашылу салтанатында қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі Жәнібек Ғаббасов, Торғай аймақтық «Видергербург» неміс қоғамдық бірлестігінің төрайымы Зинаида Абрамовна, белсенді жас Аширали Есиркепов форумға құттықтау сөз арнап, ұлыстар бірлігі мен Мәңгілік Ел идеясының маңыздылығын тілге тиек етті. Сондай-ақ жастар патриоттық әндер шырқап, әр ұлттың биін биледі. Форумның мазмұны халыққа жақсы көңіл сыйлап, жастардың серпілісін оятты. Форум соңында барлығы естелік суретке түсті.
 
 
Амангелді АХМЕТЖАНОВ,
Жастар бастамалар орталығы жетекшісі
Арқалық қаласы 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео