Арам пиғылға алданбайық

8 мая 2015 - Веб-редактор
article6704.jpg

2012 жылы Жангелдин ауданы әкімінің жанындағы терроризмге қарсы комиссия құрылған болатын. Осы жылдан бастап, ақпарттық насихат тобы ауылдарды аралап, жоспарға сәйкес түсінік жұмыстарын нәтижелі жүргізіп келеді. 

Бұл топтың негізгі мақсаты – жат ағымға арбалып, ел ішіне бүлік салып, дәстүрлі нанымсенімдердің тамырына балта сілтеп жүрген өзге діни секталардың, оның сотқарларының арбауынан сақтап, алдын алу. Әзірге Жангелдин ауданында жат ағымның жетегінде жүргендер жоқ. Десек те, сақтанғанның да артықшылығы бола қоймас. Осы мақсатта ақпараттық насихат тобы Қалам-Қарасу және Шұбалаң ауылдарының тұрғындарымен және жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өткізіп, насихат жұмыстарын бастады.
 
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің тарих пәні мұ-ғалімі Талғат Нұрмағанбетов «Қазақстандағы ислам дінін жамылған деструктивті ағымдар: негізі мен сипаттамалары» тақырыбында түсінік беріп, мәселені толық қамтыды. Комиссия хатшысы, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Алма Әбішева егерде сырт пішіндері, киім киістері, іс-қимылдары ерсі көрінсе, ауыл әкіміне немес жергілікті учаскелік полицияға, аудандық ішкі істер бөліміне хабарласып, ақпарат берулеріне болатындығын жеткізді. Сонымен қатар, қыз баласы жат ағымға кіріп кетіп, қайғыдан қан жұтқан жазықсыз ананың жапа шеккені туралы деректі фильм көрсетілді. Ақпараттық насихат тобы жоспарлы түрде басқа да ауыл, ауылдық округтарды аралайтын болады.
 
Секталар шырмауы әрбір саналы қазақстандықтың өзекті мәселесіне айналып отырғаны жасырын емес. Олар ата-бабамыздан келе жатқан Ислам жолын немесе басқа да дәстүрлі діндерді мойындамай, ұл-қыздарымыздың санасына улауда. Осындай келеңсіздіктерге жол бермеуді әр азамат деп міндет түсіну қажет. 
Ақпараттық насихат тобы мүшелері осындай қауіптерден сақтану жолдарын түсіндірді. Жалған ақпараттарға сене бермеуге шақырды. 
 
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Жангелдин ауданы 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео