Талқыда – ушыққан тақырыптар

15 мая 2014 - Веб-редактор

Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі діни экстремизм, жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстың алдын-алу мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді.


Шараға Қостанай облысы әкімдігінің Діни істер бойынша басқармасының бас маманы Сапарғали Әбдиев пен Ішкі істер департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша басқармасының полиция майоры Қайрат Испандияров шақырылды. Сонымен қатар, ұйымдастырушы мекеменің қызметкерлері де пікір алмасуға атсалысты.


Дөңгелек үстел барысында діни экстремизм туралы бейнефильм көрсетіліп, одан кейін баяндамашылар экстремистік сипаттағы діни ағымдар өкілдерінің қызметкерлер қатарына еніп кетпеуін, ондай жағдайдың алдын алу туралы баяндады. Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыс, жемқорлық, есірткі бизнесі секілді тағы да басқа теріс көріністерді болдырмау үшін мемлекетте атқарылып жатқан іс-шаралар хақында айтылмай қалған жоқ.


Діни экстремизм дегеніміз не, оған тән әрекеттер қандай, осыларға анықтама берілді. Бүлдіргіш ұйымдардың шырмауына адамдардың түсіп қалуы, ағымдардың қаупі жайында да аз сөз қозғалмады.


– Дін атын жамылғандардың негізгі ойы – ел ішіне іріткі салу. Оларды біздің мемлекеттігіміз қызықтырып отырған жоқ, өз мүдделері орындалса болғаны. Жастардың санасына мұны сыналап енгізуге тиіспіз, – деді Әбдиев мырза.


Департамент бөлімшелері басшыларына, кадрлармен жұмыс істейтін мамандарға, психологтарға қызметке қабылданатын адамдардың діни салауаттылығын, наным-сенімін нақты білу керектігі тапсырылды. «Сақтансаң – сақтайды» деген бар. Бұдан былай әрбір қызметкерлердің де жүріс-тұрысы жіті қадағалауда ұсталынбақ.

Асыл ҚАСЫМ


 

comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии