Мәулітті тойлады

15 мая 2014 - Веб-редактор

Аллаһ елшісі – Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген мәуліт айының әр күні мереке десек негізді. Қасиетті мейрам елді мекендерде әлі тойлану үстінде. Жуырда Әулиекөл ауданының Первомай ауылында кең көлемде аталып өтілді.



Мерекеде жамағат Алланың бүкіл жер жүзіне ра-қым-мейірімі молынан түс-кен күнге, Аллаһ елшісіне мадақ айтты. Адамзаттың асылы, ізгілікке бастаушы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өмірінен сыр шертер әңгімелер де шараны мағынаға толтыра түсті.   


Ауыл имамы Серікбай қажы Испулов шараны ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңімен ашып берді. Одан соң, пайғамбардың ғибратты істері мен пәк жаратылысы турасында айтып, өнегесі әр адамға рухани азық екенін атап өтті. Имамның айтуынша, бұл мейрам ауылда сегіз жылдан бері тойланып отыр.
Тұрғындарды Әмит ишан атындағы мешіттің хатиб имамы Нұрбол қажы Балахметов, Новонежин ауы-лының молдасы Майлыхан қажы және ардагер Әмірбек Мейірманов та құттықтауға келді.


– Осынау күннің атаусыз қалмауын елдіктің, бірлік пен ынтымақтың арқасы деп түсінемін. Қазақ елінің діні қанатын кеңге жая берсін, Аллаһ тағала береке-
бірлігімізден айырмасын, – деп тілектің тиегін ағытты Нұрбол қажы. Сондай-ақ, қажы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбардың исламды таратудағы басынан кешкен қиыншылық жағдайларынан мағлұмат бере кетті.


Жұртшылықты иманды-лыққа шақыратын шаралардың сәніне айналған әнші Ерлан Қасымов салауатты әсерлі мақамға салып орындап, «Аллаға аманат» әнін әуелетті. Шәкірттер айтқан салауатты да жұртшылық ықыласпен тыңдады.
Мектеп оқушылары «Тәубеге келу» қойылымын сахналады.


Сауабы мол шараны атқаруға демеушілік жасаған серіктестік басшысы Нұрхан Сәдуақасовқа, шаруа қожалығы жетекшісі Арыстанбек Ахметжановқа және де ауыл әкімі Қазбек Жиенғалиевқа ел алғысы шексіз. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымшылдық танытқан басқа да азаматтар халықтың батасына кенелді.

Есен САБЫР
Әулекөл ауданы

Теги: мереке
comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии