Отан қорғаушыла-рын ұлықтаған күн

11 мая 2017 - Веб-редактор
article13756.jpg

Отан қорғаушылары күнінің қарсаңында Әулиекөл ауданында өз әскери шартына жауапты және антына адал барлық азаматтарға арналған салтанатты іс-шарасы өтті.

 


Бұл жиында аудан әкімі Жансұлтан Таукенов мамандығы бойынша үздік әскерилер, полиция мен прокуратура қызметкерлерін құттықтап, марапаттады.Соның ішінде Әулиекөл ауданы Ішкі істер бөлімі қаруландыру қоймасының меңгерушісі, әрі қару шебері полиция старшинасы Марат Ибраевқа аудан әкімінің мақтау қағазы табыс етілді. Концерттік іс-шарада құттықтау видеожазбасын халықтың назарына ұсынған, Әулиекөл ауданы Ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Арыстан Жағыпаров жиналған қауымды Отан қорғаушыларын құттықтады. Және де ішкі істер бөлімі тергеу бөлімшесіне жаңадан келген жас тергеуші Жәнібек Ахановқа «лейтенант» шенді погондарын табыстады. Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығында әскер қатарына шақырушылар сахнада сап түзеп, аудандық қорғаныс бөлімінің бастығы жауынгерлік борышын өтеуге енді аттанатын болашақ сарбаздарды құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

 

 

Аталмыш бөлімнің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25-жылдығына орай орталық алаңда сап түзеп, «25» санын құрады.

 


Бұл күні сахнада аудандық мәдениет үйінің әншісі Ерлан Қасымовтың орындауында «Батырлар ұраны», мәдениет үйінің бұлбұл қызы Арнұр Қолбаева мен сері жігіттер орындаған «Ән сал сарбаз» әндері шырқалып, 21 ғасырдың әнші – композиторы Петр Сотниктің өнері де халықтың көңілінен шықты. Әулиекөл ауданы ІІБ-нің ару қызметкерлері аудандық ІІБ тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Қанағат Сарикова мен Әулиекөл ауданы ІІБ ақпараттық талдау тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Яна Бейсембаеваның орындауындағы «Женщины в погонах» әнін жиналған қауым ду қол шапалақпен қарсы алды. Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің әртістерінің орындауындағы «Қазақстан сарбаздары» әнімен аяқталды.

 


Әйгерім БАЙҚАСОВА
Әулиекөл ауданы
сурет автордан  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео