Оқушылар саясаттан хабардар

11 мая 2017 - Веб-редактор
article13753.jpg

Қостанай облысы балалар және жастар ұйымы қауымдастығының «Жас саясаткер» ақпараттық-насихат тобының Амангелді, Жангелді, Наурызым аудандарындағы және Арқалық қаласындағы тәлімгері Айбек Таңатбаев оңтүстік аудандарда жастармен кездесу өткізуде. 

 

 

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, «Атамекен» ҰКП Қостанай облысы, Амангелді ауданы филиалының қоғамдық кеңес мүшесі, Амангелді аудандық жастар мәслихатының депутаты, жас кәсіпкер Айбек Таңатбаев жастармен түрлі іс-шаралар өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауын жастар арасында насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

 


Осындай мақсатты арқау еткен Амангелді ауданында өтетін іс-шаралар легі артуда. Соның бірі, орталық кітапхананың оқу залында аудан орталығындағы мектептердің жоғары сынып оқушыларымен, белсенді жастары арасында өткен жиын.

 


Кездесу барысында Айбек Таңатбаев Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттерге тоқталып, жастармен пікір алмасты. Іс-шараға қатысушы оқушылар қауымы да Жолдауға қатысты өз ойларын ортаға салды.

 


Сонымен қатар, аудандық Жастар ресурстық орталығының бас маманы Б.Темірбай мен аудандық Ішкі саясат бөлімінің әдіскері А.Ысқақов сөз сөйлеп, ауқымды тақырыптарға орай өз ойларын білдірді.

 


Іс-шараны қорытындылай, Айбек Таңатбаев аудандық «Жас саясаткер» ақпараттық-насихат тобы құрылғандығын растайтын сертификат пен топқа арналған оқу-әдістемелік материалдарын табыс етті. Аталмыш топ мүшелері Елбасы Жолдауын насихаттау мақсатында жыл бойы жастармен кездесулер өткізетін болады.

 


Б. ТЕМІРБАЙ
Амангелді ауданы
сурет автордан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео