Бабалар ерлігі – ұрпаққа өнеге

11 мая 2017 - Веб-редактор
article13758.jpg

Жангелдин аудандық Шақшақ Жәнібек атындағы орталық алаңға жиналған аудан тұрғындары Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерліктеріне тағзым етіп, рухтарына дұға бағыштап, үнсіздікпен еске алды.

 


Мектеп оқушыларының мерекелік шеруі ұйымдастырылып, Торғайдан шыққан майдангерлердің бейнелері суреттелді. Мерекелік іс – шара дала сахнасында жалғасын тапты. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Шота Оспанов аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың атынан аудан жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтап, Отан үшін от кешкен ата – баба ерліктерін баяндап, олардың ұрыс даласында атқарған әрбір жанқиярлық істері үшін бүгінгі ұрпақ аталарымыз бен аналарымыздың алдында тағзым ететіндігін жеткізді.

 


– Халқымыздың басына түскен сол бір ауыр жылдардың салмағы ел есінде, – дейді Шота Сәбитбекұлы. – Ұлы ерлікке тағзым – елдік парыз. Отан үшін от кешкендердің өшпес ерлігі мен еңбегі бүгінгі ұрпаққа өнеге. Бүгінде мемлекет тарапынан ардагерлерге деген қамқорлық та арта түсті. Өздеріңізге белгілі Елбасымыздың ардагерлерге деген ыстық ықыласы қашанда ерекше. Мәселен, кешегі соғыс жылдарында кетпенмен жер жыртып, қолымен шығыр тартып, жеңіс туын желбіретуге септігін тигізген тыл ардагерлерінің еңбегі зор. Кейінгі ұрпаққа үлгі. Ұлы Жеңістің, Отан алдындағы борыш тағылымдарын жас ұрпақтың бойына дарыта білу, сол арқылы олардың патриоттық сезімін арттыру, ел тәуелсіздігін нығайта түсу айрықша маңызды. Жеңіс сарбаздарын және сол күнді жақындатуға зор үлес қосқан тыл ардагерлерін, Ауған соғысына, Чернобыль апатын ауыздықтауға қатысушыларды, баршаңызды тағы да ұлы мерекемен құттықтаймын!

 


Мәдениет үйі қызметкерлері «Соғыстан қайтқан солдаттар» көрінісін асқан шеберлікпен сахналады. Жеңіс туралы, жалпы патриоттық әсем әндер кезек – кезегімен шырқалып, аудандық, облыстық, республикалық ән, би байқауларының жеңімпаз оқушылары өнер көрсетті.

 


Атадан балаға мұра болып келе жатқан ежелгі дәстүріміз – ардагерлердің елге сіңірген ерен еңбектері ешқашан ұрпақтар санасынан өшпейді, керісінше, уақыт өткен сайын ол асқақтай түсері сөзсіз.

 


Гүлім ЫСМАҒҰЛ,
Жангелдин ауданы
сурет автордан  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев