Ұлы жеңіс жасасын!

11 мая 2017 - Веб-редактор
article13745.jpg

Жақында оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулитын тәрбие сағаты өтті. Бұл іс-шара Отанға деге сүйіспеншілігін арттыруды, оларға патриоттық тәрбие беруді, Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой – өрісін дамытуды, оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеуді мақсат етті.  

 

 

Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне биыл міне 72 жыл толды. Бірақ Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ.

 


Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары адамгершілік негізі. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары Қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 Қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және тағы басқалары болды.

 


Батырларымыздың ерліктерін айта отырып ұл – қыздарымыздың бойынан Отанға деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерінің оянатына кәміл сенеміз. Сол мақсатта 6 – сыныптар арасында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттың соңында оқушылар бірігіп үлкен жауапкершілікті сезініп 9-шы мамыр деген сөзді жазды. Аяғы патриоттық әндерді айтумен жалғасын тапты. Осы акциядан кейін оқушылардың бойынан Отанға, ата-анаға деген сүйіспеншіліктері артады деген ойдамыз.

 


А.Атаева
Сарыкөл ауданы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев