Письма из прошлого

6 мая 2014 - Веб-редактор
article3815.jpg

Это письмо в редакцию «К-АГРО» прислала жительница Астаны Раушан Бабиева. Ее дядя Сеильбек Битанов погиб в боях за Берлин, не дожив шесть дней до Победы. Таких коротких и длинных шесть дней...

 

В Казахстане каждый второй, кто был призван на войну, не вернулся, погиб на полях сражений или пропал без вести. Память о них должна жить в душе потомков... 
Одним из них был мой дядя – Битанов Сеильбек Абикенович. По данным Центрального архива Министерства обороны РФ, в картотеке безвозвратных потерь офицерского состава значится: «Старший лейтенант Битанов Сеильбек Абикенович, 1923 г.р., уроженец Кустанайской области, Карасуского района, колхоза «Ельтай», призван по месту рождения, был на фронте начальником химслужбы 216-го стрелкового полка 76-й стрелковой дивизии. Убит в бою 3 мая 1945 года, похоронен на южной окраине города Штаакен, что в 20 км западнее Берлина». 
 
Сеильбек Битанов с 4 апреля 1942 года состоял на военной службе в Красной армии. В действующей армии – с 
20 марта 1943 года. Он был участником боев за освобождение крепости Прага, предместья Варшавы и важного опорного пункта обороны немцев на восточном берегу Вислы. За героизм, проявленный в бою, приказом Верховного главнокомандующего от 14 сентября 1944 года моему дяде была объявлена благодарность.
Сеильбек писал родным нежные письма с фронта. Хотелось бы опубликовать некоторые из них, чтобы молодое поколение прочувствовало, что было в душе 20-летнего юноши, и люди поняли: война – это очень страшно, больше ценили мирную жизнь, которую отстояли в боях фронтовики.
 
15.12.1944 ж. 
«Амандық хат!
Құрметті аса артық көруші ата-ана! Бүгінгі күні сіздерді еске алып, алақандай ақ қағаздың бетіне шимай салып, амандықты білдіргелі отырмын. Өздеріңнің дендерің сау, аман-есен жүрсіңдер ме? Тұрмыстарың қалай, жақсы ма? Апам ауру еді, қалай, ауырмай ма? Ал мен аман-есен үкімет пен майданның тапсырған қызметін атқарып жүрген жай бар. Бұрынғы хатта жазған едім. Қазір бұрынғы орнымнан шығарды, жоғарырақ. Бірақ, қауіпті. Алланың жазғаны болады ғой. Осы хаттың арасына Сталиннің екі благодарность
(алғыс хаты – ред.) салып отырмын. Біреуі «Ковель»
дейтін қаланы алған үшін, біреуі Варшаваның қасындағы Прага дейтін қаланы алған үшін. Мен қазір сол алған қаладан 1015 шақырым демалыста жатырмын. Ал осы арада өте үлкен соғысқа дайындалып жатырмыз. Осы ең ақырғы соғыс деп айтуға болады. Осы соғыстан кейін кім тірі қалса, сол үйіне барады. 
Көп не жазайын, тек амандықпен көруге жазсын. Сағынып хат жазушы Сеилбек».
 
20.03.1945 ж.
«Қымбатты ата-ана! 
Дендерің сау, аман-есен
жүрсіңдер ме? Бүгін сендердің хаттарыңды алып, амандықтарыңды естіп, өз-
деріңді көргендей қуанып қалдым. Ал менің денім сау, аман-есен жүрген жай бар. Мен сендерге посылка саламын. Менің қолымнан келетін жәрдемім осы. Аман-есен осы ай Отан соғысынан тірі қалсам, сонда көресіңдер, менен қандай жәрдем алатындарыңды. Мені асырап, сақтап адам қылғандарыңызды қайтарамын. Ол менің міндетім. Көп не жазайын.
Амандықта көрісуге жазсын. Хош. Мен, балаңыз Сеилбек Битанов».
 
Соңғы хат:
«Амандық хат!
Құрметті аса артық көруші ата-ана! Бүгінгі күні сендерді еске алып, амандықты білдіру үшін осы хатты салып отырмын. Ал, ата-ана, осы күні соғыс өте күшейіп кетті. Не болатынын кім білсін. Алла оң жәрдем берсін. 
Ал, ата-ана, бүгін бір нашар түс көріп, қайғырып отырмын. Не түс екенін өзім түсіне алмай отырмын.
Көп не жазайын.  Амандықпен көрісуге жазсын. Хош хат салып, хат жазушы балаңыз Сеилбек».
 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео