Ауылына да көмектеседі

6 мая 2014 - Веб-редактор

Ол екі бірдей мемлекеттік бағдарлама арқылы несие алып, ісін дөңгелетіп отыр. Арманы – ауылындағы мал шаруашылығын алға бастыру. 

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы айтқаны ел есінде. Президент тапсырмасын алғаш болып орындағандардың бірі – «Бекишев» шаруа қожалығы.
 
Мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сапасын арттыру мақсатында, «Кедергісіз болашақ» жобасы қолға алынуда. Бұл жобаның негізгі төрт бағыты бар. Соның ішіндегі маңыздысы – мүгедектерді тұрақты жұмысқа тұрғызу. Игі бастамаға біріншілердің қатарында қолдау білдірген Петропавл селолық округіндегі «Бекишев» шаруа қожалығын көпке үлгі етсе болады. Аталмыш шаруашылық төрт бірдей кембағал жанды жұмысқа қабылдады. 
 
– Мемлекет басшысының мүмкіндігі шектеулілер туралы айтқаны қоғам тарапынан бірден қуатталып кеткені өте қуантарлық жағдай. Бұл жоба кадр тапшылығын жоюға да едәуір септігін тигізуі мүмкін, – дейді қожалық басшысы Серік Бекишев.
 
Шаруашылық «Сыбаға» бағдарламасының қатысушысы. Еңбекқор азамат Серік Қабиұлы ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосуға барынша үлес қоссам деген шынайы ниетте. 
– Кімде-кім кәсіп етемін десе, бірінші кедергілерді емес, жолдарды ойлауы керек. Осы даналықты ұстанамын. Мемлекет бізге жол көрсетті. Ол жолда қалай жүру өзімізге байланысты, – дейді кәсіпкер. Сонымен қатар, шаруашылық басшысы «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша несие алып, сол ақшаға өз кәсібін кеңейтті. Белоглинка ауылында шағын дүкен ашып қойды. Енді ара ұстап, бал жинау кәсібіне де көңілі ауып жүр. Серік Қабиұлының тағы бір мақсаты –  ауылды көркейту үшін, ондағы екі қабатты үйлерді жөндеп, қалпына келтіру.
 
 
Ажар СЕЙТҚАНОВА
Ұзынкөл ауданы 
 
 
comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии