Ақындардың бас қосуы

6 мая 2014 - Веб-редактор

Қостанай облыстық мәдениет басқармасының мұрындық болуымен, Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхана «Әдеби көктем» поэзиялық фестивалін ұйымдастырды.

 

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай өткен шараға өңірдегі ақын-жазу-шылар, зиялы қауым өкілдері қатысып, ой-пі-кірлерімен бөлісті. Фестиваль жұмысы екі секцияда жалғасын тапты. Қазақ тілінде жазатын ақындардың өнерін Ғұмар Ахметчин, Ғайнижамал Бердалинова сынды қазылар алқасы бағаласа, орыс тілді авторлардың шығармаларын Александра Суслова, Юрий Бондаренко сияқты төрешілер саралады. 
 
– Мұндай шаралардың, әсіресе, жас ақындардың қалам ұштап, шабыттануына септігі мол. Дегенмен, мүшәйрада оқылған өлеңдер бір сарында, көбіне Тәуелсіздік тақырыбына арналды. Ақындарымызға ізденіс керектігін түсін-дік, – деді Ғұмар Ғарифұлы.
 
Фестиваль аудандардың шығармашыл жандарына бас қосып, қазіргі поэзия бағыты туралы әңгімелесуге мүмкіндік туғызды. Олар болашақта осындай шаралар жиі өткізілсе деген тілектерін де жа-сырған жоқ. Ақындар жарысында Аманкелді ауданынан келген Серік Жұмабековтың өлеңдері қазылар көңілінен шығып, қанжығасына бі-рінші жүлдені байлады. 
 
Кеш мәнін облыстық орыс драма театрының перфомансы аша түсті. Театр актерлері Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен мағлұмат беретін «Ақ келін» спектаклінен үзін-ді көрсетті. 
 
Асыл ҚАСЫМ 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео