Екі команда облысқа барды

24 апреля 2015 - Веб-редактор
article6561.jpg

Арқалық қаласындағы жасөспірімдер театрында Жастар бастамалар орталығы қолдауымен және қалалық «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубының (КТК) ұйытқы болуымен төртінші қалалық маусымашар фестивалі шымылдығын түрді. 

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, биылғы жыл жайдарманшылар үшін «тарих маусымы» деп аталып отыр. Фестивальде қаланың жиырма командасы бақтарын сынады. №1 мектептен екі, №5 мектептен төртеу, №6 мектептен үшеу, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтынан екі команда және басқа да оқу орындарынан бір-бір топтан қатысты.
 
Көктемгі маусымашар ойындары қызықты да тартысты өтті. Жастардың «Жайдарман» ойындарына белсенділігі жыл сайын артып келе жатыр десек артық айтқандық емес. Ойын барысында ерекше көзге түскен №6 мектептен «Сүйкімділер», «Көңілді топ», гимназиядан «Ойбу», Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтынан «Ұландар», «Сарыарқа», №5 мектеп оқушыларынан құралған «Бірлігіміз жарасқан» қомандаларын атап өткен абзал. 
 
Қоса кетейік, биылғы облыстық «Жайдарман» ойындарына Арқалықтан екі команда жолдама алған еді. Жақында Қостанай қаласында мектеп командалары қатысқан «Көктем кубогы» атты арнайы жобада №6 мектептің «Сүйкімділері» топ жарды. Ал №5 мектептің «Бірлігіміз жарасқан» командасы кіші «Көктем кубогын» иеленді. Жарыста он команда өнер көрсеткен болатын. Жеңімпаз топ Астанада Еуразия Ұлттық университеті ректорының кубогы үшін өтетін сайысына жіберілетін болды.
 
Аманкелді АХМЕТЖАНОВ
Арқалық қаласы 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео