Татулықты ту еткен елміз

24 апреля 2014 - Веб-редактор

Қазақстандағы өзара түсіністік пен тұрақтылықты қамтамасыз ететін этностар мен діндердің қарым-қатынасы барша елге үлгі етерлік жағдай. Президент Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, «біздің этносаралық және дінаралық келісімнің моделі – ол әртүрлі конфессиялардың өзара әрекеттесуінің бүкіл әлемдік процессіне Қазақстанның қосқан шынайы үлесі». 

 

Елімізде көптеген ұлыстар мен ондаған діни конфессиялар бар. Алуан наным-сенімді ұстанатын Қазақстан халқының келісімі мен ынтымақтастығы, оның саяси тұрақтылығының нығаюына, экономикасы мен әлеуметтік жағдайдың кемелденуіне бастайтын жағдайлар. 
 
Қазақстанда этносаралық және дінаралық келісімнің тұрақты моделі қалыптасқанымен, ол мемлекет, азаматтық қоғам, оның ішінде діни бірлестіктер тарапынан үздіксіз қолдау көрсетіп отыруды қажет етеді. Осы сала ахуалына қызығушылық танытатын барлық тараптар біріге отырып, үнемі талдау жасап отырғаны жөн.
 
Таяуда Алтынсарин ауданының ауылдық округтері мен ауылдарында әлеуметтік сауалнама жүргізілген еді. Нәтижесі мынадай: сауалнамаға қатысушылардың 89,6 пайызы конфессиялық қарым-қатынасты нық ұстаған мемлекеттік саясатты қолдайды; 97,9 пайызы басқа этностардың салт-дәстүрлеріне, діндеріне құрметпен қарайды; 96 пайызы олар тұратын орында ұлыстар арасында шиеленістің болуы мүмкін емес деп жауап берген. Бұл мәліметтер Алтынсарин ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комис-
сиясының мәжілісінде жария етілді.
 
Осы орайда, Қазақстанда дін-аралық қатынас орнатудың негізгі ұстанымдарын атап өтсек:
 
1. Елдің Конституциясы мен заңдары ар-ождан бостандығы мен діни сенімді қорғауға кепіл береді. Конституция діни, этникалық және басқа тұрғыдағы кемсітушіліктерге тыйым салады. Қазақстан Республикасының 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы діни бірлестіктердің қызмет атқару аясын құқықтық негізде жүзеге асыруға және қорғауға мүмкіндік береді. Ел маңызды халықаралық келісімге және адам құқығына қатысты шарттарға, оның ішінде БҰҰ-ның негізгі халықаралық келісіміне қосылды.
 
2. Мемлекет конфессиялардың өз қызметтерін жүзеге асыруы үшін тең және қолайлы жағдай жасайды. Қазақстан халқының ба-сым көпшілігі өздерін мұсылман санағанымен, басқа діни сенім иелерінің толыққанды іс-әрекет жасауына кедергі келтірмейді. Тәуелсіздік алғаннан бері православиелік, католиктік және протестанттық қауым саны біршамаға артты. Сондай-ақ иудейлер мен буддистердің ұйымдары да қызмет жасайды.
 
3. Мемлекет саясатының маңызды бағыты ретінде дінаралық диалогты атауға болады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ұлтаралық және дінаралық диалогтың теңдессіз институты құрылды. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты өз уәкілеттігіне қарай органдардың бірқатары жүзеге асы-рады. Бір мысалы ретінде, Қостанай облысы әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасы жұмыс жасап жатқанын қоса кетсек болады.
 

Жанболат ҚҰРМАШ

 

Алтынсарин ауданы 
 

 

 
comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии