Тобылдан тоғыз сағаттық жол

5 мая 2016 - Веб-редактор
article10338.jpg

Аңсатқан Астанаға немесе құтты мекен Қостанайға он үш, он төрт сағат жол жүру дегенді тіпті ұмытыңыз. Астықты алқап пен Астана арасында қатынайтын «Тұлпар-Тальго» жедел пойызы жолға шықты.  

 

 

Араға бір күн салып қатынайтын жедел пойыз Қостанайдан кешкі сағат 19.00 шығып, елордасы Астанаға таңғы алты жарым шамасында болады. Демек, діттеген жерге жету үшін 9 сағат уақытыңыз кетеді. «Тұлпар-Тальго» деп аталатын жаңа бағыттағы пойыз 27 вагоннан құралған. Оның ішінде екеуі «купелік», он сегізі «плац-карт», екі вагон мейрамхана ретінде қарастырылған.

 


– «Жол мұраты – жету» деген халық даналығы бар, – деп сөз бастады Қостанай темір жол бөлімшесі директорының орынбасары Юрий Юревич. – Жедел пойыз жолаушылардың жүрісін жеңілдете түспек. Вагондардың іші таза әрі жайлы. Ең бастысы, жолаушылар уақыт үнемдеуге мүмкіндік алды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жеңілдіктер қарастырылған.

 


Жаңа пойыздың билеттері теміржол вокзалының жаңартылған ғимаратында сатылады. Әзірге мұнда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа бағыттың ашылуымен Қостанай темір жол вокзалының жұмысы да жанданды. Пойыздың жолға шыққанына аз уақыт өтсе де, билеттер сатылып жатқанын көзіміз шалды.

 

 

Пойыз Рудный, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Жақсы және Атбасар станцияларында аялдап, Астанаға жетеді. Сол себепті темір жол бойындағы елді мекен тұрғындарының да пойызбен қатынауына мүмкіндік қарастырылған.

 


Мамандардың айтуынша, жолаушыларға ауқымды да, қолайлы қызмет түрлері ұсынылады. Болашақта өңіріміздің теміржол саласын әлі де жетілдіре түсу жоспары бары анықталды. Жаз айында Қостанай-Адлер бағытындағы пойыз қатынай бастайды. Алайда, мамыр айында екі бағыттағы пойыз жүрісін тоқтатады.
Ол: Қостанай – Санкт-Петербург және Киев бағыты бойынша.

 


Жеңіс күні қарсаңында Қазақстан теміржолы ардагерлерге жеңілдіктер ұсынады. Мамыр айы аралығында Астана-Қостанай бағытындағы пойызға тегін билеттерге қол жеткізе алады.

 


Нұрқанат НҮСІПХАН
сурет ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео