Үшеуі үздік шықты

28 апреля 2016 - Веб-редактор

Жақында Қостанай ауданы мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің арасында «Үздік қазақ тілі мұғалімі» байқауы өтті.

 


Байқаудың мақсаты – біліктілігі мен кәсіби шеберлігі қалыптасқан, шығармашыл, жаңа формациядағы мұғалімдерді анықтау және оларға қолдау жасау. Бұл байқаудың тағы бір тиімділігі – мұғалімдердің білімдері мен жұмыстарының нәтижелерін көрсетуге мүмкіндік тууы.

 


Байқауда аудан мектептерінің қазақ және орыс сыныптарына сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері бақ сынады.

 


Жарыстың бірінші айналымында қатысушылар педагогика мен психология, қазақ тілі мен әдебиетінен тест тапсырды. Сонымен қатар, «Ұстаз – жаңалықтың жаршысы», «Ы.Алтынсарин шығармалары – тәрбие көзі», «Тәуелсіздік – тәу етер киелі ұғым» тақырыптарында эссе жазды. Екінші айналымда жұмыс жүйелерін қорғады.

 


Қорытындыда Мичурин орта мектебінің мұғалімі Гүлмира Баймұханова, Глазунов орта мектебінің ұстазы Нұржан Панияз, Озерный орта мектебінің жас маманы Асылхан Сейдахметов көш алдында тұрды.

 


Екінші орынды Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінің мұғалімі Сәндігүл Нұржанова мен №1 Затобол орта мектебінің ұстазы Сара Исмаилова иемденді. Ал, үшінші орынға Садчиков орта мектебінен келген Балғын Әуелбекова мен Затобол мектеп-гимназиясының мұғалімі Айнагүл Ерғалиева ие болды.

 


Жеке ерекшеліктерімен көзге түскен ұстаздар «Білімді мұғалім», «Жаңашыл мұғалім», «Шығармашыл мұғалім» номинацияларымен марапатталды.

 


Мичурин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Гүлмира Баймұханова мен Озерный орта мектебінің мұғалімі Асылхан Сейдахметов облыстық байқауға жолдама алды.

 

 

Асыл ҚАСЫМ  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео