Сәтті қадам

21 апреля 2016 - Веб-редактор

Қазіргі уақыт талабына сай құқық қорғау саласы қызметкерлерінің алдында үлкен міндеттер тұр. Асқақ абырой, мінсіз міндет, ерен ерліктен бөлек әр маман саламатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, спорттық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. 

 

 

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында спорттың дамуына барлық жағдай жасалған. Мәселен, әскери және физикалық дайындық кафедрасының негізінде спорттың сан түрі бар.

 

 

Жуырда ғана ушу шығыс жекпе-жегінің облыстық федерациясы ресми түрде құрылған болатын. Бұл спорт түрі федерациясының басшысы академияның қызметкері, полиция полковнигі, әрі қоян-қолтық ұрыстың спорт шебері Юрий Щур.

 


Негізі қаланғанына аз ғана уақыт болған федерацияның спортшылары ушу-саньда бойынша Көкшетау қаласында өткен додаға барып қайтты. Дәл осы жекпе-жектің түрімен қауышқандарына көп уақыт бола қоймаған саңлақтардың айтуынша, республикалық деңгейдегі ашық турнирден олжалы оралу деген дәме де болмапты. Барып, қатысып, ой түіп қайту – негізгі мақсат-тұғын. Бірақ, бақ пен бабы қатар шапқаны ма, академияның намысын қорғай аттанған тоғыз қатысушының алтауы жүлделі оралды.

 


65 кг салмақ дәрежесінде академия тыңдаушысы Орынбек Нөгербеков чемпион атанды. Ал, Сұлтанбек Абдылдаев, Мақсат Дүйсенбаев, Дастан Көдеков сынды спортшылар күміс медальға ие болды. Оңайбек Оразақов пен Ахмет Акрамашев қола жүлдені місе тұтты.

 


Ушудың қыр-сырына мейлінше баулып, өз тәжірибесімен бөліскен полиция майоры Мәди Әбдірахмановтың дәл осы жетістіктегі еңбегі ерек.

 

 

Нұрқанат НҮСІПХАН

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео