Отандық өнімге сұраныс артып келеді

9 апреля 2015 - Веб-редактор
article6421.jpg

Таяуда аудан орталығында «Қазақстанда жасалған» атты республикалық акциясы ұйымдастырылып, тұтынушыларға елімізде өндірілетін отандық азық-түлік өнімдері таныстырылды.

 

Айта кетейік, «Қазақстанда жасалған» акциясын жүзеге асыру идеясы алғаш рет үкіметтің кеңейтілген отырысында ұсы-нылған болатын. Мемлекет бас-
шысы қазақстандықтарды еліміздегі кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, отандық өнімді сатып алуға шақырған еді. 
 
Акция кезінде сауда желілерінде сатылатын қазақстандық өнімдер көзге бірден түсердей ерекше көрсетіліп қойылуы тиіс. Отандық өндірушілердің тауа-
рын сатып алғысы келетін азаматтарға барлық қолайлылық қарастырылған. Жангелдин ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Самал Сарсенгелдинаның мәлімдеуінше, бүгінде аудан орталығында 35 дүкен жұмыс істейді.
 
Жергілікті дүкендерде отан-дық тауарларды қолдауға шақыру қағаздары ілінген. 
 
Аудандық сауда желілерін аралауда қарапайым халықтың өзімізде өндірілген өнімдерге сұранысының артқандығын байқадық. Торғайлықтар отандық тауарлар сөресі үнемі жаңартылып тұратынын, олар әрі пайдалы, табиғи өнімдерден жасалынып, дәмді болатынын айтады. Дүкен сөрелеріндегі өнімнің бірқатары азық-түлік, яғни көкөністер мен жемістер, сүт өнімдері, макарон, конфет тағы да басқалары Қостанай қаласынан тасымалданады. Әсіресе, жергілікті «Алпамыс», «Жасұлан», «Олжа», «Азамат», «Денсаулық», «Инабат», «Жаннұр», «Нұрбек» дүкендері қазақстандық тауарларды көптеп әкелуде. 
Биыл аудан орталығынан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында сүт өні-мін өндіретін шағын цех ашылмақ. Жас кәсіпкер Мұратбек Талғатұлының айтуынша, цехта сүт, ірімшік, қаймақ өндіріліп сатылатын болады. Сондай-ақ нан, түрлі тоқаштар мен тәтті бәліштер де өзімізден өндіріледі. 
 
Мейрам күндері ауылдық округтердің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі үнемі ұйымдастырылып тұрады. Сонда аңғарғанымыздай, жергілікті жерде жасалған ет, сүт, май, қаймақ, айран, құрт, ірімшік, талқан және тағы басқа өнімдер бүгінде үл-кен сұранысқа ие.
 
– Ең маңыздысы, Қазақстанда жасалатын барлық өнім түрлерінің сапасы жоғары. Бұл экологиялық таза, ешбір қоспасыз жасалған тауарлар. Сондықтан да отандық өнімді тұтынушылардың саны күннен-күнге артып келеді, – дейді кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Самал Қойшықызы. 
«Қазақстанда жасалған» акциясы аясында дүкендерде отандық өнімдер қойылған сөрелер арнайы тақташамен белгіленіп, көк түсті бояумен жазылады. Соның арқасында сатып алушылар оларды оңай тауып, таңдай алады. Сонымен қатар, отандық тауарға баға жеңілдігі қарастырылған, нарықтағы құнынан әлдеқайда арзанырақ.
 
Гүлім ЫСМАҒҰЛ
Жангелдин ауданы 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео