Бағдарлама көмекке келеді

10 апреля 2014 - Веб-редактор

Агроөнеркәсітік кешенді қаржылай сауықтандыру «Агробизнес – 2020» бағдарламасының басым бағыттарының бірі. Соның шеңберінде, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге мемлекет тарапынан бірқатар көмектер көрсетіледі. Әсіресе, аграрларды қызықтырғаны – кредиттік лизинг бойынша қарыз көлемінің азаюы. 

 

Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегіне сүйенсек, қаржылық сауықтандыру бағдарламасына қатысу үшін республика бойынша отыздан астам өтінімдер келіп түскен. Олардың қарыздарының жалпы сомасы – 5,3 млрд теңге. Басым бөлігін (отызға жуығы) банктер қанағаттандырған, қалғандары қаралу үстінде. Былтыр біздің өңірде қарыз көлемі 75,7 млн теңгені құрайтын үш келісімшарт қанағаттандырылған болатын. Субсидиялау сомасы 7,8 млн теңгеге дейін жеткен. Биыл Үкіметтің 2014 жылғы ережелерін бекітуді күтіп отырған жиырмадан артық шаруашылық бар. Мойындарын қозғалтпай тұрғаны – 4 млрд 649 млн теңге. Қазіргі таңда өтінімдері комиссия қарауына жіберілуге дайын.  
 
– Сауықтандыру бағдарламасына қатысу аграрларға шаруашылықтарын бірыңғайлап алуға көптеген мүмкіндіктер тудырады, – дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қостанайдағы филиалын басқарушы Нұрлан Қапсаматов.
 
– Біріншіден, несиелерінің мерзімін ұзартады. Екіншіден, қайтарым мөлшерлемесінің субсидиялануы. Келісімшарт бойынша пайыздық көлемі сол қалпында қалып отыр, бірақ салымшы 7% ғана төлейді, қалғанын мемлекет өтеп береді. Үшіншіден, индекстемеу. Мұның да сауықтандыруда пайдасы зор. Төртіншіден, кем-кетіктердің, яғни айыппұлдар мен өсімдердің есепке алынбауы.
 
Бағдарлама аясында, өтінімдерді қараудағы басты талаптар – ағымдағы қарызының қайта жүйеленуі, салымшының борышын қалай өтейтіні, бас-шысының қылмыстық жауап-
кершілікке тартылмағаны көрсетілуі керек. Сондай-ақ, қарыздарын қайтарып бітіргенінше мүліктері мен пайдаларын талан-таражға салмауы туралы қатысушының не акционерлер-
інің кепілхаты міндеттеледі. 
 
Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео