Қайырым жасау – қастерлі қасиет

10 апреля 2014 - Веб-редактор

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздің мұсылман қауымы үшін 2014 жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялаған еді. Осыған орай ел-елде түрлі шаралар өткізіліп жатыр.

 

Бас мүфтидің тапсырмасын назарында ұстаған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы біршама ізгі істерімен көпшілікке үлгі көрсетуде. Жақында атал-
ған құтхананың тікелей мұ-рындық болуымен шаһардағы № 2 балалар үйінің 4-сынып оқушылары мешітке келіп, мұндағы имандылыққа шақырар жайлармен танысты. Өңірдегі ең іргелі әрі сәулетті  мешіттің қызметкерлерінің ыстық ықыласына бөленді.
 
Дін қызметкерлері жалпы Ислам діні жайында тағылымды әңгімелер айтып, оларды қызықтырған сауалдарға жауап берді. Оқушыларға доптар, дүние танымдарын кеңейтер зат-
тарды сыйға тартты.
 
– Керемет нақыл сөз бар: «Жетім көрсең, жебей жүр». Қазақ жетімін жәутеңдетпеуге, жасытпауға ұмтылған халық. Сол тамаша дәстүрді жалғастыруға тиіспіз. Ислам дінінде мұқтаж жандарға қайырым жасау үлкен сауапты іс болып саналады. 
 
Балалар айналасындағылардың мейірімін, қамқорлығын сезінуі керек. Сонда олардың бойында адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Өскенде көргендерін істеп, баршаға жәрдемдесіп жүреді, – дейді «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Нұрқанов. Мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да балалар үйіндегі балдырғандарға ерек-ше көңіл бөліп, олардың бойына жақсылыққа үндейтін асыл қасиеттерді қолдарынан келгенше сіңіре беруге ниет танытып отыр.
 
Гүлжан ӘБДІКӘРІМ 
 
comments powered by HyperComments

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Видео

 

 

Комментарии