«Адал жол – Честный путь» марафоны

12 апреля 2018 - Веб-редактор
article16450.jpg

Күні кеше облыста «Адал жол – Честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон бастау алды. Ауқымды шараға Қостанай облысына үш күндік жұмыс сапарымен келген Республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері де қатысты. Шара барысында көк туды желбіреткен бірнеше автокөліктер Тәуелсіздік көшесімен жүріп өтті.

 

Аталмыш марафон мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жаһандық жағдайда елімізді дамыта түсу үшін жастардың жігер, қуатын біріктіру болып отыр.


Үстіміздегі жылдың алтысы мен оны аралығында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен Қостанай ауданы әкімдігінің ұйымдастырумен Қостанай ауданында түрлі әлеуметтік топтар арасында және мемлекеттік органдарының 20 жылдығына орай «Адал жол – честный путь» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон өтіп, ол сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған болатын.
Осыған орай, Затобол аудан орталығындағы Н.Наушабаев атындағы орта мектепте театрлық қойылым, суреттер байқауы және аталған тақырыптар шеңберінде оқушылар арасында ашық сабақтар өткен. Мұндай іс-шаралар оқушылардың сыбайлас жемқорлық туралы мәліметтермен танысуына, пікір алмасуына көмек береді.


Автошеру Затобол ауданындағы «Колос» мәдениет үйіндегі мерекелік концертпен жалғасты. Оған мемлекеттік орган және түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Мерекелік кеш аясында «Адал жол – Честный путь» кітабы Алтынсарин ауданына табысталды.


– Бүгін облыста республикалық деңгейде өтетін іс-шара «Адал жол – Честный путь» марафоны іске қосылды, – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин. – Бұл әр облыстың қалалары мен аудандарында жалғасын таппақ. Жақында Н.Наушабаев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесіп, ондағы «Адал ұрпақ» клубының жұмыстарымен таныстық. Айта кетейік, жыл бойы жалғасатын марафон қорытындысы халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнінде шығатын болады.


Марафон шеңберінде облыста лекциялар, пікірталастар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, конференциялар, автошерулер және өзге де шаралар өтпек.


Әр аудан жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасап, халықты жемқорлыққа қарсы тұруда күш біріктіруге шақырмақ. Эстафета алауы ретінде оның туы мен өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат пен тілектер жазылған кітап беріледі.


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ,
суреттер автордан  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев