Аналар кеңесі құрылды

14 апреля 2016 - Веб-редактор

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясының шеңберінде Жангелдин ауданында «Аналар кеңесі» құрылды. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» деген аталы сөздің айтары қай заманда болсын өз маңыздылығын жоймақ емес. Бала, ұрпақ тәрбиесіне негізделген кеңестің құрылуы уақытындағы бастама деп түсінген жөн.  

 

 

Кеңестің алғашқы жұмысы «Жақсыдан тиер шарапат» атты мерекелік акциядан бастау алды. Бұл қайырымдылық шарасына аудан орталығындағы жеке кәсіпкерлер атсалысты. Іс-шара барысында әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар мен мерекелік концерт ұсынылды.

 


– Бұл бастаманы бірден құптадық, – дейді кәсіпкер Талғат Мырзағалиев. – Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы өндіршектен алған қысылтаяң сәтте қоғамның жұдырықтай жұмылғаны ләзім. Алдағы уақытта да осы кеңестің негізіндегі барлық қайырымдылық шараларға қатысатын боламыз. Біреу мұнымызды мақтаншақтық немесе дарақылық деп қалуы да мүмкін, бірақ ондай арам пиғылдан ада екенімізді айтқым келеді.

 


Қеңестің негізгі бағыты – отбасы институттарын нығайту, азаматтық және рухани-мәдени бірдейлігін қалыптастыру, этникааралық келісімді насихаттау, қарым-қатынас тө-зімділігін, ұрпақтың мирасқорлығын, ұлттық дәстүрлерге және отбасылық құндылықтарға құрметті нығайту және сақтау, ұрпақты дене тәрбиесіне және рухани-адамгершілікке баулу үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға жәрдем көрсету.

 

 

Жалғыз және көп балалы аналарға әлеуметтік мәселелерді шешу үшін консультациялық көмек ұсыну, аға ұрпаққа деген қайырымдылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу. Сондай-ақ қоғамда отбасы құндылығын және ата-аналар жетістігін насихаттау, қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті қамтамасыз ету мен Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттарын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

 


Кеңестің төрайымы Бақытгүл Сейтқазиева, орынбасары Кәмпит Елеутова, хатшысы Қапуза Әлібек, мүшелері Бақыткүл Искакова, Гүлнар Жұмабаева, Жанар Шалабаевалар кеңестің жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп, бекітті. Яғни, әр айдың жеке-жеке апталарына дейін шаралардың атаулары ұйғарылған.

 


– Алдағы уақытта құрылған жоспарға сәйкес іс-шаралар легі өз жалғасын табады, – дейді «Аналар кеңесінің» төрайымы Бақытгүл Міркемелқызы. – Қазақ шіркін ежелден-ақ ананың ақ сүтін ақтауды парыз тұтқан, ақ жаулықты ардақ тұтар ұлт екені белгілі. Осы кеңестің ұйымдастырылуы бір жағынан бала мен қоғамның беталысына әйелдер қауымының әсері боларын аңғартқандай.

 


Гүлім ЫСМАҒҰЛ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев