«Даналық әліппесі»

14 апреля 2016 - Веб-редактор
article10087.jpg

Мемлекеттік саясаттың негізгі діттері тек экономикалық үрдісте ілгерілеу ғана емес, жаңа қазақстандық патриотизмнің негізін қалау міндеті тұрғаны белгілі. Ақпараттық заманның адуынды шағында өскелең ұрпақтың не білемін, нені оқимын деп тұрмайтыны белгілі. Кез келген мәлімет қолжетімді, ғаламтор бетін ашса болғаны сауатты-сауатсыз, ақты-қаралы ақпарат атаулы самсап тұр. Сондықтан балдырғандар мен жасөспірімдерді ұлттық ақпараттық қалқанның астына алған абзал.  

 

 

23-сәуір ЮНЕСКО-ның бе-кітуімен, халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Осы ретте, әрі кітапқа деген құштарлықты ояту мақсатында Амангелді ауданы Амантоғай орта мектебінің 1-сынып оқушыларына арналған кітапханаға шағын саяхат ұйымдастырылды.

 


– Негізгі мақсат – зияткерлік технология негізінде әзірленген «Даналық әліппесі» кітабымен танысу, –дейді Амантоғай ауылдық кітапханасының қызметкері Жанна Төлегенова. – «Даналық әліппесі» балалардың өрелерін өсіріп, шешендікке тәрбиелейтін, халқымыздың асыл мұраларын игеріп, әр адам рухани тұрғыдан байи түсуіне қызмет ететін құнды дүние. «Халқымыздың жыр-дастандары, ән-күйлері, аңыз-әңгімелері, шешендік сөздері мен бата-тілектері жаңаша негізде жасалған бұл еңбек-тәуелсіз еліміздің жарқын болашағына қызмет ететін алғашқы қадам. Бұл кітап – өз Отанын сүйетін әрі текті елдің ер тұлғалы азаматары болып өсулеріне ықпал етеді», – деп, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірінші бетте алғы сөз жазып, қолын қойыпты.

 


Мұғалім қандай да бір тапсырма берсе болғаны кез келгені ғаламтор шарлап кететін болған. Ал осы таныстырылып отырған кітап қазіргі балалардың талғамына сай үлгіде жасақталған. Яғни, қанық бояулы суреттермен қоса ақпараттық технологиялар кезеңінің балаларын елең еткізер тұстары бар.

 


«Даналық әліппесі» деп аталатын, бір нұсқаулық, он екі кітаптан және сөйлейтін қаламнан тұратын оқу-тәрбие кешені. Сөйлейтін қаламды пайдаланып, кітаптардан үзінділер тыңдалды. Мәселен, бесік жырын, аталар сөзін, қобыз үнін, домбыра күйлері мен халық әндерін тыңдаймын деген ниет болса компьютерге жүгінудің түк қажеті жоқ. Барлығы кітаптың мазмұнына енгізілген.

 


Нұрқанат НҮСІПХАН
сурет кітапхана мұрағатынан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев