Аққа билік жақ

3 апреля 2014 - Веб-редактор

«Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында мал шаруашылығын дамытуға арналған шебер-жоспарлар әзірленген болатын. Ауыл шаруашылығы министрлігі енді осы бағытта біраз қадамдар жасап көрмек.    

 

Ата кәсіпті арындатуға, аталмыш бағдарламада белгіленген межелер мен нақты нәтижелерге жетуге біздің облыс 4 млрд 641 млн теңге бөліп отыр. «Шебер-жоспар» деп ат берілген орасан тапсырмалар тізбегін орындауға бұл қаржының жеткілікті не аздық етерін қазір тап басып айту қиын. Осы қаражаттың көп бөлігі (3 млрд 519 млн теңгесі) асыл тұқымды мал шаруашылығы мен өнімдер сапасын арттыру бағдарламасы бойынша саланы субсидиялауға жұмсалмақ. Ал, қалғаны (1 млрд 122 млн теңгесі) инвестициялық демеу қаржылар.
 
– Шебер-жоспарлар етті және
сүтті мал шаруашылығына, жыл-қы, қой, шошқа, балық және құс өсірушілерге арналған, – деп атап өтті өз сөзінде облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Оразғали Нұрғазин. – Биыл инвестициялық субсидиялар 11 бағыт бойынша берілмек. Ал-ғашқысы – саны жиырмадан асатын тауарлы сүт фермалар құрылысы. Оларға 3070 бас сиыр әкелінеді. Оның жартысынан көбі (1870 бас) отандық асыл тұқымдылар. Шетелден жеткізілетіні – 1200 бас. 
 
Басқарма мамандарының айтуынша, жергілікті атқарушы билік құрылыс жүргізу үшін фермерге елді мекендерден тыс, инфрақұрылымға қолжетімді аумақтан жер беруге тиіс. Сондай-ақ шаруаға керегі – нормаға сәйкес жайылым мен малазық егер жерінің жеткілікті болуы. Асыл тұқымды ірі қара өсіруі екібастан міндеттеледі. 
 
Ақжағалылардың ұсынысына сенсек, тауарлы сүт фермасына нағыз лайықтылар – қара ала, далалық қызыл сиырлар және 3000-5000 литрге дейін сүт бере алатын симментал тұқымы. 
Аталған фермалардың құрылысына аграрларды тарту үшін сала министрлігі қолдаудың түрлі тәсілдерін ойлап шығарды. Демеу қаржының көлемін 50% қылды, мемлекеттік қор банкке кепілге қойылған барлық малды сақтандырады және 50% тәуекелді өз мойындарына алуға дайын. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенге берілер несиелерді субсидияламақ. Демеу қаржы бәріне бірдей емес. Мысалы: өз елімізден және Еуропа мемлекеттерінен жеткізілген асыл тұқымды малдың әр басына 154 мың, Украина, Беларусия, Ресейден әкелгендерге 118 мың, ал, Аустралия, Канада, АҚШ елдерінен импортталған қашарларға 235 мың теңгеден.
 
Бұған қосымша, селекциялық және асылдандыру жұмысымен айналысатындарға дотация бар.
 
Сүт өндірісіне де қолдау көрсетіледі. Яғни, санаты мен сапасына қарай литріне 10, 15, 25 теңгеден берілетін болады. Ол үшін өнімділік екі жарым мың келіден төмен түспеуі және қораңдағы сиыр саны жүз бастан кем болмауы керек. 
 
Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео