Съездің маңызы зор

5 апреля 2018 - Администратор
article16378.jpg

Ағымдағы жылдың 28-29 наурызында елордамыз – Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының кезекті съезі ұйымдағы жаңа өзгерістердің жаршысы болды. Ерекше тарихи маңызы бар шараға 40 жуық жас қостанайлық та қатысты.

Тұнғыш рет ұйымның орталық кеңес мүшелері онлайн сайлау арқылы іріктеліп, «Ted talks» форматында өткен конференцияда таныстырылған болатын. Жиынның алғашқы күнінде делегаттар «Рухани жаңғыру», ғылым, білім, денсаулық, кәсіпкерлік тақырыптарында ой қозғап, жобаларын ұсынған.

Съездің екінші күні қорытынды гала-форум ұйымдастырылды.

«Сендер ата-бабаларымызға арман болған, біздің буын негізін қалаған тәуелсіздігімізді баянды етіп, біздің жеңісті жолымызбен жасампаз дәстүрімізді жалғастыруға тиіссіздер. «Жаңа әлемге жол саламыз» атауы да жастарымыздың жаңашылдыққа ұмтылуын атауының ұмтылысын аңғартып, сенім ұялатады. Мен сендердің тың бастамаларыңда қолдаймын. Ендеше жаңа әлемге салған жолдарың әрдайым ашық, әрі даңғыл болсын», – деп жеткізді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің құттықтау хатын, шараға қатысқан ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова.

Шара соңында «Жас Отан» Жастар қанатының алдағы бағыт-бағдарын айқындап берген жаңа құжат қабылданды. «Жаңа әлемге жол саламыз» атты съезд ұранының өзі жастар қанаты мүшелерінің жарқын болашаққа ұмтылысын аңғартады деген ой түйдік.


Бота ТҰЯҚҚЫЗЫ

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл