«Алға ұмтыла білу – үлкен жетістікке апарады»

5 апреля 2018 - Администратор
article16381.jpg

Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында кәсіпкер, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы үздіктерінің бірі, «Жас Қанат-2006» ЖШС-нің директоры Қайрат МАИШЕВПЕН кездесу өтті.

 

Кездесу аясында Қайрат Әлімбайұлы өзінің өмір жолымен, алғашқы бизнеске қалай келгендігі және қандай кедергілерге тап болғандығы жөнінде әңгімеледі. Кейіпкердің әңгімесіне жиналған көпшілік те араласып, толғандырған сауалдарын қойды.

– Мен сіздер сияқты қарапайым отбасында өстім, – дейді Қайрат Маишев. – Балалық шағым да ауылдық жерде, тыныш ортада өтті. Мектепті аяқтаған соң, жоғарғы оқу орнына заңгер мамандығына түсуге бел будым. Үш рет сыннан сүрінген соң, ақыры оқуға да түстім. Дегенмен де, жеке бизнес ашып, материалдық жағдайымды көтеруді ойладым. Өйткені, ол уақыт соны талап етті. Бастапқыда көптеген адамдар сенімсіздікпен қарап, менің қазіргідей жетістікке жететініме күмән келтірген болатын. Алайда, алға қойған мақсатымнан таймай, бизнес жолында еңбек етіп жүрген адамдармен танысып, саланың қыр-сырын біле бастадым. Кейде қолға алған жобаларым ақталмай қалып жатқанда, қолымды бір сілтеп кеткім де келген. Бірақ, іштегі арман-мақсатқа деген ұмтылыс, ата-анамның қолдауы жігер беріп, жаңа шыңдарды бағындыра бастадым. Сондықтан әр азамат арманының соңына ілесіп, тек алға ғана жүру керек. Егер де үлкен қажыр-қайрат салып, еңбек етсең, арманың сені адастырмай өзің қалаған биікке шығарады. Тек соған сене білу керек.
 


Әңгіме арасында Қайрат Әлімбайұлы болашақта жаңа кәсіп ашуды көздеп бизнес жобаларын ұсынған бірнеше жастардың жұмыстарын қарап шыққандығын айтты. Ол өзіне ұсынған 20 дан аса бизнес жоспарлардың 14-ін таңдап алған. Алдағы уақытта сол жастар арасыннан тағы да үздіктерін іріктеп алып, оларға көмек беретіндігін айтты.

Іс-шара қатысқан колледж студенттері, болашақта өз ісін ашамын деп жүрген жастар кездесуден соң кейіпкермен сөйлесіп, білмеген тұстарын сұрап, жаңа ақпараттар ала алды. Қызықты әрі пайдалы шара жастарға мол мүмкіндік берді.


Ақбота САҚҰЛОВА

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл