Наурыз – Милананың сүйікті мерекесі

26 марта 2015 - Веб-редактор
article6282.jpg

Қарасу ауданына қарасты Павлов ауылындағы қаршадай қыз Милана Ижаева қазақ тілінде очерк жазып, облыстық шығармалар байқауында екінші орын алды. Орыс сыныбында оқитын оқушының анасымен Қазақстанға көшіп келгеніне көп бола қойған жоқ. Жұртты сүйсіндіргені де сол еді. 

 

 
Жасыратыны жоқ, көптеген қаракөздеріміз өз елімізде тұрып, қазақ тілін әлі үйрене алмай жүр. Ал, қаршадай шешен қызының қазақша сөйлеуге деген талпынысы ұстазы мені де сүйсіндіреді, шабыттандырады. Милананың анасы – қазақ, қызының оқуына аса мән беретін жауапты ата-аналардың бірі.
 
– Бүгінгі сабақта қалай болды, үй тапсырмасын дұрыс орындап па? Ынтасы қалай? – деп сабақтан соң үнемі келіп сұрап тұрады анасы Асима Амангелдіқызы. 
Үшінші сыныпта 7 оқушы бар. Барлығы да қазақ тілін үйренгісі келеді. Солардың ішінде Милана алғашқы жетістіктерге жетіп үлгерді. «Менің сүйікті мерекем» тақырыбында очерк жазып, аудандық байқауда екінші орын алды. Еңбегі облыстық жарысқа жөнелтіліп, одан да жүлдегер атанды. Ол өз шығармасында Наурыздың мән-мағынасын ашып, салт-дәстүрлер туралы қамтып жазды. Әрине, жетекшісі болған соң, бағыт-бағдар бергенім рас. Дегенмен, қаршадай қыздың жазуы, ойын жеткізуге құлшынысы қуантады. Тіпті кейбір үлкен аға-апаларға үлгі етуге болады.
 
Ұжымда жас мұғалімдер бар-шылық. Павлов орта мектебінің директоры Дәулет Қаратайұлы мен орынбасары Людмила Аркадьевна жастарға қолдау көрсетіп отырады. Соның шапағаты болар, аздаған уақытта оқушыларым нәтиже көрсете бастады. Бір дәлелі – өзім сөз етіп отырған Милана. Барша ұстаздар оның келешегіне зор үмітпен қарайды.
 
Ерлан ТҰРМЫШОВ
Қарасу ауданы 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео