Наурыз мейрамы тойланды

30 марта 2017 - Веб-редактор
article13314.jpg

Жуырда Әулиекөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту Орталығымен тіл үйренушілері арасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі тойланды. Іс-шараға мемлекеттік тіл және ағылшын тілін үйренушілер тобы, өз еріктерімен тіл үйренушілер қатысты.  

 

 

Кештің басты мақсаты – мерекеге қатысты білімдерін тереңдету, ауызекі сөйлеу арқылы тыңдаушылардың дүние танымын кеңейту, оларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу, өшкенді жаңғырту, ұрпақ санасына ұлттық сезімді ұялату қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу болатын.

 


Бұл күні қатысушы қауым және келген қонақтар бар жақсыларын киіп, бір-бірін үлкен қуанышпен, шашу шашып қарсы алды. Аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Нұрлыбек Игіліков мерекеге сай шапанын киіп, қонақтарды жылы лебізбен қарсы алып, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады. Қонақтармен бірге мейрамға Қыдыр ата да келіп, жиналған қауымға бата берді.

 


Мереке әрі қарай аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы қызметкерлерінің орындауында «Тұсау кесу» салтымен жалғасты. Той иесінің үйіне келген қонақтар ән айтып, кішкентай бөбектің басқан қадамына ақ жол тілеп, атасы ақ батасын берді. Ал, жеңгелері болса той бастап, ән айтып, шашу шашты. Және де «Келін түсіру» рәсімін ағылшын тобы тіл үйренушілері сахналады. Босаға аттаған келіншекті абысындары қарсы алып, ақ жаулық жауып, атасына сәлем беріп оның ақ батасын алды. Одан кейін енесі келіннің бетіне май жағып қарсы алып, абысындарымен ақ отауына шығарып салды. Ал енесі «Тойымыз тойға ұлассын!» деп қауымға шашу шашып қуанышымен бөлісті.

 


Бұл күні жиналған қонақтар, қатысушылар мәз-мейрам болып, бір-біріне жақсы, игі тілектер айтып, ақ ниетпен бата берісіп, құттықтап жатты. Мейрам соңы ұйымдастырушылармен жайылған ақ дастарханмен жалғасын тапты. Келген қонақтар сары бауырсактан, жеті түрлі тағамнан пісірілген наурыз көжеден, ұлттық тағамдардан ауыз тиді.

 


Жыл мезгілінің керемет уақытымен, табиғаттың ояну мезгілімен тұспа-тұс келген біздің Жаңа жылымыз Наурыз елімізге тыныштық, берекелі бірлік, саналы да салауатты ұрпақ, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз.

 


Гүлмира ТАЙТІЛЕУОВА
сурет автордан

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев