Тіл – тұнық ойдың кәусары

31 марта 2016 - Веб-редактор

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» мекемесінің оқытушыларымен «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты аудандық байқау ұйымдастырылды. Рухани құндылықтарға негізделген байқау қазіргі жастардың қарымын байқатты.

 

 

Байқаудың мақсаты – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін жетілдіріп, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу. Жарысқа аудан мектептерінің оқушылары қатысты.

 

 

Шарт бойынша қатысушылар үш тілде тапсырмалар орындап, өз мүмкіндіктері мен деңгейлерін көрсетті. Қатарынан суырылып, көзге түскен С.Баймағамбетов атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Рашиля Ищанова ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін «Тіл – тұнық ойдың кәусары» атты облыстық байқауда аудан намысын қорғамақ. Сонымен қатар, қатысушылардың барлығы диплом, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 


Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәл осындай жарыстарды өткізу тіл меңгеруге, ана тілін қастерлеуге қауымды үгіттеудің таптырмас құралы. Қатысушылардың деңгейіне, үш тілді емін-еркін игергендеріне қарап, қазіргі ұрпақтың жан-жақтылығына көз жеткізуге болады.

 

 


Гүлмира ТАЙТІЛЕУОВА,
Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев