Өтініштер қабылдап жатыр

31 марта 2016 - Веб-редактор

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ республикалық бюджет қаржысымен көктемгі егін егу және күзгі орақ науқандарын қаржыландыру үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен белсенді түрде өтініштер қабылдай бастады. Бұл туралы баспасөзде өткен аптада айтылған болатын. 

 

 

Қазіргі уақытта Корпорацияға Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен құны 21 млрд теңгеден аса несие алу жөніндегі өтініштері қабылданған. Бұл қаржыға диқандар 1 млн гектардан аса егін алқабына көктемгі егіс және күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізе алады.

 


Тауар өндірушілер алған қаржысы арқылы жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу үшін қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералдық тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын сатып алуға және өнімді отырғызу мен жинау бойынша өзге де қажетті шараларды уақытылы жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

 


Бұдан өзге, Корпорацияға несие серіктестіктерін қорландыру бағдарламасы аясында жыл басынан бері көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін 155 агроөнеркәсіп кешені субъектілерінен жалпы құны 2 млрд 700 млн теңгенің өтініші келіп түскен.

 


Есен САБЫР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео