«Алтын микрофон»: алғашқы кезең аяқталды

31 марта 2016 - Веб-редактор
article9896.jpg

Жыл сайын астықты алқапта «Алтын микрофон» халықаралық сайысы аясында мықтылардың есімдерін елге мәлім ету – тұрақты дәстүр. Осы жылы да жас өнерпаздарды танытатын доданың облыстық іріктеу сыны өтті.

 

 

Іріктеуден іркілмей, сүрінбей өткендер үстіміздегі жылдың 25-27 сәуірінде өтетін халықаралық кезеңге жолдама еншіледі. Әуелгі сұрыптау сынының өзіне 5 пен 17 жас аралығындағы балғын таланттар көп жиналды.

 


«Ән – өлшеуіш, өлең – күміс, қоспаңыз мыс аралас, артық алу, не кем салу, қапы қалу жарамас...», – деп келетін Шәкәрімнің әніндегідей бұл байқауда барлығына қатал талап қойылады. Тақымын қыса келген ұстаздарының соңдарына ерген, нұр жұтқан көздері жарқырай, көмейлеріне ән әуезесінің кереметін кемеріне толтыра келген қатысушылар шырқап-ақ қалды. Ересектер арасында Мәдина Дакишева «Айқаракөз» және шет тіліндегі туындыны орындап, топ жарды.

 

 

Ерекше үміт артып, бойындағы барымен бабына келтірген ұстазы Раушан Торғаеваның қуанышында шек жоқ. Ал, он екі жастағы Дана Ильдинбаева өз тобында үздік деп танылды. Өнер жолының даңғылына түскен өнерпаздың әншілікке бет бұрғанына, міне екі жыл болыпты. Тосылу ойында жоқ. Ең кіші топта ересектерді елең еткізіп, өнерге шөліркей келген қауымның айызын қандырған Варвара Чеснокова жеңімпаз атанды.

 


– «Алтын микрофон» байқауына алғаш қатысуым емес, – дейді Варвара. – Бірінші кездері ұтылғаным рас, тіпті іріктеу сынынан да өте алмап едім. Ал, осы жолы бірден бірінші орын алдым. Екі ән орындадым. Біреуі джаз жанрындағы туынды болды. Енді халық-аралық кезеңге қатты дайындалу керек.

 

 


Нұрқанат НҮСІПХАН
суретті түсірген ұйымдастырушылар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео