Тұрақтылық және болашақ үшін

19 марта 2015 - Веб-редактор
article6246.jpg

Арқалық қаласының белсенді жастары кезектен тыс президент сайлауын өткізуді қолдайтындықтарын білдіріп, флешмоб ұйымдастырды.

 

Шараға қалалық жастар бастамалар орталығы ұйытқы болды. «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» деген атпен өткізілген бастаманың белсенді қатысушылары елдегі тұ-рақтылықты, бірнеше ұлт өкілдері мен ұлыстардың, діндер арасындағы түсіністіктің маңызы туралы тебірене айтып жатты. Флешмобқа қала оқу орындарынан барлығы 120 студент қатысты. Олардың барлығы бірге қосыла «Алға, Қазақстан!», «Самға, Қазақстан!», «Мы сильный Казахстан!» деп айтқан жалынды ұрандары көпшіліктің назарын аударды. Сонымен қатар студенттер «Мәңгілік елдің» негізгі нышанына айналған шаңырақ бейнесін көрсетті. 
 
– Біз, Арқалық жастары кезектен тыс президент сайлауын өткізу – өте дұрыс шешім деп есептейміз. Мемлекет басшысы бұл жөнінде кеңінен айтып өтті. Біз сайлаудың өтуін қолдай отырып, еліміздегі тұрақтылықтың, ынтымақ-бірліктің сақталуына үлес қоса беретінімізді де білдіреміз. Замандастарымды алдағы сайлауға бір кісідей атсалысуға шақырамын, – деді қалалық жастар бастамалар орталығының жетекшісі Амангелді Ахметжанов. Сондай-ақ ол шараға қатысқан барлық студенттерге алғысын жеткізді.
 
Әліби СЕРІКҰЛЫ
Арқалық қаласы 
 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео