Рухты асқақтатқан жастар

20 марта 2014 - Веб-редактор

Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы «Тіл – халықтың жанын танудың кілті» атты байқау ұйымдастырды. Аудандық байқау жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын, ықыласын арттыруды мақсат тұтты.

 

 
Сайыстың бір ерекшелігі – өзге ұлттың қыз балаларының бақ сынағаны. Олар бірінен-бірі асып түспесе, кем түскен жоқ. Қазақ тілінде баяндамалар оқып, әндерді нақышына келтіріп шырқады. «Қамажайға» мың бұралған қыздардың өнеріне қол соқпағандар кемде-кем. «Қазақ тілім – ана тілім» деп ұрандаған қатысушыларға риза болды жұртшылық. Айта кетейік, байқауға Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінен, Новолинов, Набережный орта мектептерінің оқушылары белсенді қатысты. 
 
Тамашасы мол сайыс қо-рытындысы бойынша бірінші орын Новолинов ауылынан келген Хаяля Исмаиловаға берілді. Екінші орынды Набережный орта мектебінің 11-сынып оқушысы Татьяна Агунькина, үшінші жүлдені Б.Майлин атындағы Таран орта мектебінің оқушысы Виктория Досмухамбетова иеленді. Байқауда белсенділік танытқаны үшін Анна Литвиненко, Сабина Тагиева, Татевик Баграмян сынды арулар да алғыс хатпен марапатталды. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан, қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ұстаздар да сыйдан құр қалған жоқ. 
 

Ерболат ЗЕЙНЕЛОВ
Таран ауданы 
comments powered by HyperComments

Видео

 

 

Комментарии