Киелі Торғайдың жас таланттары

15 марта 2018 - Администратор
article16268.jpg

Арқалық қаласында Торғай гуманитарлық колледжінде «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Туған өлке таланттары» атты жыр кеші ұйымдастырылған. Іс-шараға студенттер мен оқытушылар жоғары деңгейде қатынасты.

 

Жыр кешінің негізгі мақсаты – білім алушы және жас қаламгердің жүрегінен шыққан арнау өлеңдерін «Рухани жаңғырумен» байланыстыра, туған жерін, Отанын құрметтеуге дәріптеу. Торғай өңірінен шыққан танымал тұлғаларды мақтан етіп, оларды құрметтеп, насихаттауға тәрбиелей отырып, ақындық өнерге баулып, ұлыларды үлгі ету болып табылады.

Жыр кеші  екі кезең бойынша өткізіліп, он сайыскер өз өнерлерін ортаға салды. «Торғай өлке таланттары» тақырыбындағы, киелі жердің тұлғалары (А.Байтұрсынов, Ы.Алтынсарин, Н.Құлжанова т.б) жайында авторлық туындыларын мәнерлеп оқып, оның шығу тарихымен таныстырды. Кеш қонағы Еңсесі биік, Қазақстан еліне танымал қазақ айтысының ақберені, филология ғылымдарының кандидаты, профессор – Айбек Қалиев және қалалық ұлағатты ұстаз, ақын, Қазымбек Қуанышбай қатысқан.

Айбек Киікбайұлы студенттерге «Өлең жолдарын құрастырудағы ұйқас жолдары жайында «шеберлік сыныбын» көрсетті.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орын саз бөлімінің  екінші  курс студенті Төлепберген Шыңғыс және БМ-32 тобынан Аружан Ембергенова қанжығаларына байлады. БМ-21 тобының студенті Жетпісбай Арайлым екінші орынды, БМ-11 тобының студенті Құсайын Жаңылсын үшінші  орынды иеленді.

Іс-шараны қорыта келе, колледж директоры Сандуғаш Алматова қонақтарға алғыс білдіріп, ескерткіш сыйлықтарды табыс етті. Жас талантты қаламгерлердің «Жыр дастаны» жинақ болып басылымға шықпақ. Алдағы уақытта поэзия жыр кеші жалғасын табады.

 

Ақбота САҚҰЛОВА,

сурет ғаламтордан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев