Қазақ театрындағы ертегі

16 марта 2017 - Веб-редактор
article13246.jpg

Облыстық І.Омаров атындағы қазақ драматеатры түрлі қойылымдардың ортасы. Театр ұжымы мерекеге байланысты қызықты спектакльдер өткізіп тұрады. Солардың бірі, Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған ертеңгіліктердің өтуі. Жалпы, бір жетіге жоспарланған қойылым тамашалауға келген кішкене көрермендерінің көңілінен шықты. 

 

 

«Алдар көсенің сиқырлы дүрбісі» аталатын ертегі, басты кейіпкер Алдардың басынан кешкен оқиғалары турасында өрбиді. Алдаркөсе түркі тілдес халықтар (қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен) әдебиетінің көбіне ортақ тұлға. Бұл ол жайындағы аңыз әңгімелердің ежелден келе жатқан көнелігін, әлеуметтік мәнділігін көрсетеді. Оның өмірде болғанын, қай заманда өмір сүргенін дәлелдейтін тарихи дерек жоқ. Дегенменде, балаларға таныс кейіпкер туралы мультфильмдер қатары да аз емес. Алдар көсе – қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Ол өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Әдебиетте, мультфильмдерде көрсетілгендей оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды және де өзге де бас пайдасын ойлаған адамдарды әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады. Және де алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кететін қылықтар жасайды. Алайда, оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдар көсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі.

 


Дегенменде, сол көрсетілген ертегі өзгелерінен ерек. Себебі, мұнда болашақтан келген Өрмекші адам, сөйлейтін көлік сынды балаларға жақсы таныс кейіпкерлер ойнайды. Мұнда Алдар жолдан тауып әкелген байекенің дорбасынан ерекше дүрбімен олжалы болады. Сол арқылы ол болашақты көру мүмкіндігін иемденеді. Бірақ, ол әркез сиқырлы дүрбімен келешек өмірді көре бастағанда жаңадан кейіпкерлер пайда болып отырады. Байекеңмен көрші тұратын Алдар алдағы Ұлыстың Ұлы күні Наурызды жақсы қарсы алулары үшін дайындық жұмыстарын жүргізеді. Яғни, сол мерекенің ұлттық тағамы Наурыз көжені пісіру қамына кіріседі. Кейіннен сиқырлы дүрбімен келешекті қарау арқылы пайда болған жаңа кейіпкерлер бірінен соң бірі келіп, қазанда қайнап жатқан Наурыз көжені тауысып қоя береді.

 


Оқиға желісі алғашқы кейіпкер алып Диюдың келуінен өрбиді. Оның зор екендігі сонша, одан барлығы қорқып жан-жаққа қаша жөнеледі. Сол екі ортада қазанда қайнап жатқан Наурыз көженің дәмін бірінші болып осы кейіпкер татады. Сусынның ұнағаны сонша Дию оны тауысып, өз жөніне кете береді. Ал байекең мен Алдар Наурыз көжені қайтадан дайындауға кіріседі. Сиқырлы дүрбіден болашақты қарап отырған Алдардың алдынан сонау Америкадан келген Өрмекші адам шығады. Сусынның дәмін татқан ол да ағылшын тілін ұмытып, Алдар көсенің тілінде сөйлей жөнеледі. Ертегінің соңында барлық кейіпкерлер Наурыз мерекесін тойлауға келгендерін айтады. Барлығы бас қосқанда аппақ киімді, ақ сақалды Қыдыр ата шығып мерекемен құттықтап, өз батасын береді. Сосын Алдар манағы жолдан тауып алған қоржынның өзінікі еместігін мойындап, сиқырлы дүрбіні өз иесіне қайтарады.

 


Ертегіні көруге жиналған барлық балалардың көңілінен шықты. Олар Алдар көсенің қалжыңдарына күліп, алып Диюдың денесінен қорықты. Ал болашақтан келген Өрмекші адам мен сөйлейтін көлікті көргенде мәз-мейрам болды. Қойылым соңында кейіпкерлер қатарына «Маша және Аю» мультфильміндегі кейіпкер Маша қосылып, балалар арасында ойын ойнатты. Кішкене көрермендер белсенділік танытып, сахнаға шығып, өз күштерін сынап көрді. Қызықты ертегіден ләззат алған балалар жақсы көңіл күймен үйлеріне тарасты.

 


Ақбота САҚҰЛОВА
суреттерді түсірген автор  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев