Уездік білім бөлімінің тарихы

17 марта 2016 - Веб-редактор
article9785.jpg

1918 жылдың 15-16 қаңтарында ең алғашқы Қостанай уезінің съездік Кеңесін қазақ және шаруа, жауынгер, жұмысшы кеңес депутаттары сайлады. Сол кезде ағарту ісінің комиссары да тағайындалды. 1918 жылдың 13 маусымынан бастап, Халыққа білім беру бөлімі ағарту жұмысымен, бір ведомстваға қарасты мекемелердің сметасын тексеру мен бекіту, оқулықтар мен оқу құрал-жабдықтарын қамтамасыз ету және бөлу жұмыстарын ұйымдастыру, мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тізімін дайындау, мектепке дейінгі мекемелердің бастығын және мектепке мұғалімдерді қабылдау сияқты жұмыстырды басшылыққа алып отыруға тиіс болды.

 

 

1919 жылдың 31 тамызында Әскери-революциялық комитет, Қостанай қаласындағы азаматтық билік органы, сонымен қатар халыққа білім беру бөлімі сайланды. Қыркүйек айынан бастап мектеп, ішінаралық мектеп, мектепке дейінгі бөлімдер қызмет жасай бастады. Олардың ізін ала аудандық халыққа білім беру бөлімдері де құрылды.

 


Алға қойған міндеттері: надандықты жою, жалпы білім беруге арналған мектеп желісін құру. Төңкеріске дейін 1917 жылы қазақ мектептері болған жоқ, тек қана діни білім берілді. Ал 1919 жылдың 4 қыркүйегінде халыққа білім беру бөлімі құрылады. Ең алдымен, бұл бөлімнің қызмет аясы кең болмайды, себебі арнайы бағдарламалар, нұсқаулықтар және декреттер болмағандықтан, Челябинск және Екатеринбург қаласына мұғалімдерді іссапарға жібереді.

 

 

Сонымен қатар қаладағы 6 жастан 17 жасқа дейінгі балалар туралы мәліметтер жиналады. Сөйтіп, қалада және уезде 2 кластық білімі бар зиялыларды іздеп, оларды тіркеуге қояды. Аудан, ауыл мектептерін керекті құрал-жабдықтар мен жиһазбен қамтамасыз етуге шешім қабылдайды. РСФСР Орталық орындау комитетінің ережесіне сәйкес 1918 жылдың 16 қазанында еңбекші мектеп бірлігі құрылды: ол екі сатыдан – 8-13 жас аралығындағы балалар, 13-17 жас аралығындағы балаларға бөлінді.

 


1921 жылы Қостанайда сауатсыздықты жою туралы губерниялық комиссия құрылғаннан кейін сауатсыздарға арналған мектеп ұйымдастырыла бастады. Қалада олардың саны 39 болды. Сауатсыздықты жою тұрғындар арасында қиындық туғызды. Қазақ тұрғындарына жазғы мектептер ашыла бастады, ол үшін ауылдарға ең жақсы мұғалімдер жіберілді, бірақ сауатсыздықпен күрес бірдей жүргізілмеді, өйткені мұғалімдер аз болды. Сондықтан мұғалімдермен қатар комсомолдар мен қызметшілер де білім берді. Сол кездегі сауатты әр адамның міндеті оқи алмайтын және жаза алмайтындарды үйрету болды. Қостанай губерниясының сауатсыздықты жою туралы комиссиясы сауатсыздыққа қарсы 347 мектеп ашты. 305 орыс мектебі және 42 қазақ-татар мектебі болды. 39 мектеп қалада болса, 40 оқу ошағы қызыл армия бөлімшелерінде орналасты.

 


1921 жылдың 1 сәуірінде Кырғыз Орталық орындау комитет Президиумының қаулысына сәйкес Қостанай губерниясы және Орск уезінің Оренбург-Торғай губерниясынан 7 аудан: Адамов, Боровской, Денисов, Қостанай, Семиозер, Федоров, Всесвятов аудандары құрылды.

 


Губерниялық орындау комитетінің 1921 жылғы 1 сәуірде шыққан бұйрығына сәйкес халыққа білім беру бөлімі губерниялық халыққа білім беру бөліміне ауысты. Губерниялық халыққа білім беру бөлімінің құрылымы мынадан тұрады: Әкімшілік-ұйымдастырушылық басшылығы: ақпараттық-статистикалық бөлім, есепшілік, мұрағат, комендатура; Әлеумет-тік тәрбие беру басшылығы: мектеп бөлімі, мектепке дейінгі бөлім, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау бөлімі.

 


Мамандырылған-техникалық білім беру басшылығы, губерниялық халыққа білім беру бөлімінің ішінде уездік комиссиялар құрылды: кәмелетке толмаған жасөспірімдердің ісімен айналысатын комиссия, надандықты жоюға арналған арнайы құрылған комиссия.

 


1921 жылы Губерниялық халыққа білім беру бөлімі «Егістік жинау науқанына байланысты балаларды еңбекке тарту барысында балалар үйі мен мектептерде әлеуметтік тәрбиені көтеру» тақырыбында жоспарлық міндеттерін алға тартты. Алға қойылған мақсаттар: жергілікті тұрғындардың мамандырылған білімін дамыту; жергілікті тұрғындардың салығын мектептің қажеттіліктеріне жұмсау; Губерниялық масштабта әлсін-әлсін болып тұратын ағартушылық ісіне арналған съездерге жұмысшыларды қатыстыру.

 


1923 жылдың басында Қостанай губерниялық халыққа білім беру мәліметтеріне сүйінсек, бірінші және екінші сатыдағы мектептер ғана жұмыс істеді. Губернияда басқа оқу орындары болған жоқ. Діни білім беретін пәндерге тыйым салынды.

 


1923 жылы балабақша, балалар үйі, мектептерге тәрбиешілер мен мұғалімдерді дайындайтын төрт жылдық педагогикалық техникум ашылды. Оқу ақысыз болды. Халықтың саяси білімдерін кітапханаларда, надандықты жою пунктерінде, губерниядағы кеңестік партия мектептерінде, театр, клуб, мұражайларда жетілдірді.

 


1925 жылдың 21 қыркүйегінде Қостанай губерниясы уездік деңгейін қайта алып, Қазақ АССР Орталық орындау комитеті өтеді. Ал Қостанай губерниялық халыққа білім беру бөлімі уездік болып аталған. Ал 1925 жылдың 18 желтоқсанында Уездік халыққа білім беру округтық болып өзгертіледі. Округтық халыққа білім беру бөліміне: Аманқарағай, Арақарағай, Больше – Чураковск, Боровской, Денисов, Жетіқара, Затобол, Қарабалық, Меңдіқара, Павлов, Пешков, Тобыл, Федоров мәдени-ағартушылық мекемелері қарады.

 


1927 жылы Халық ағарту комиссариаты қазақ мектептерінде ұлдар мен қыздарды бірге оқытуды шешті. Ал 1929 жылы Қостанайдағы округтық атқару комитеті Президиумы қалада ауылшаруашылық техникумын ашуға шешім қабылдады.

 


Мемлекеттік мұрағатта сақтаулы тұрған құжаттардан, сондай ауыр кезеңде өмір сүрген халықтың білімге деген құштарлығы байқалады. Қазіргі таңда жастарға білім алуға барлық жағдай жасалған. Білімді, сауатты жастарымыз көбейе берсін, еліміздің болашағы жастардың қолында емес пе!

 

 

Ажар БАЛТАБАЕВА,
«Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ археографы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев