Шәкірті озса, шабыты да озады

17 марта 2016 - Веб-редактор

Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Баласы сайысқа түскенде тақымын қысып отыратын жандардың бірі – ұстаздары. Жеңіспен келсе, ол ұстаз мерейі.

 

 

Жыл сайын Инфоурок жобасы аясында өтетін халықаралық олимпиада биыл да жалғасын тапты. «Қыс 2015-2016» маусымдық халықаралық олимпиадасына Қостанай ауданының Глазунов орта мектебінің бастауыш сыныптарынан барлығы 24 оқушы қатысқан болатын. Олардың 15-і жүлделі орындарды иеленіп, мектебіміздің мерейін үстем етті. 2-сыныптан 11 оқушы, 3-сыныптан 9 оқушы, 4-сыныптан 4 оқушы халықаралық олимпиадада бастауыш сынып пәндер бойынша бақ сынасты. Олимпиада қорытындысында біздің оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, білімдерін дәлелдей білді.

 

 

Бірінші деңгейлі дипломмен Нұралы Мұратбек (3-сынып) марапатталса, екінші орынға 7 оқушымыз қол жеткізді. Олар: Әлия Пішенбай (3-сынып), Мәдина Мағзұмхан, Мәдина Сәт, Рустам Әбілев, Ерасыл Жарасыланұлы, Әмина Тәжібаева, Арман Қаблашев (2-сынып оқушылары). Үшінші деңгейлі дипломдармен Нұршәріп Бағдаулетұлы, Аяулым Қапсабырова, Назым Қайыркен, Аружан Ерсаин (3-сынып оқушылары), Жасмин Тайқара, Зарина Мәлікова, Еркебұлан Шегебай (2-сынып оқушылары) марапатталды. Қалған оқушылар қатысушы сертификаттарын иеленді. Оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы оқуларында тек биіктен көріне берсін деймін.

 


Жоба жетекшілері белсене атсалысып, оқушыларды дайындағаны үшін ұстаздарына да алғыс хаттарын жолдады.

 

 

Нұрбану БАЙДРАХМАНОВА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


comments powered by HyperComments

70_let_pobedi

 

Гвозди

Комментарии

 

Видео