Мәнерлеп оқу сайысы

17 марта 2016 - Веб-редактор
article9786.jpg

Ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Амангелді аудандық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен ІІІ аудандық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауы өтті.

 


«Сөз құдіреті» сайысы 12-13 жасар балалар арасында Қостанай облысының аумағында дәстүрлі ұйымдастырылып келеді. Бұл байқауға аудан орталығы және ауылдық округтерінен мектеп оқушылары қатысты. Сайыскерлердің өнерін бағалау үшін Амангелді, Б.Қолдасбаев және Ы.Алтынсарин жалпы білім беретін орта мектептерінің Саягүл Мұхатина, Айзада Амантаева, Алмагүл Нұрмұханбетова сынды қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімдері қазылық етті.

 


Әділ қазылар алқасы мүшелері байқаудың талабы бойынша, қатысушылардың таңдап алған шығармаларына, мазмұнына, оқу мәнеріне, сөздің анық болуына, актерлік шеберлігіне, сондай-ақ, сыртқы келбеті мен сахна мәдениетіне аса мән беріп, тиісті бағаларын қойып отырды.

 


Байқау нәтижесінде, І орынды Амантоғай ауылынан келген Көркем Елжан иеленіп, 22 сәуір күні Қостанай қаласында өтетін олыстық байқауға жолдама алды. Ал ІІ орынды Ы.Алтынсарин жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Жандос Сұлтанбеков пен Қарасу ауылынан келген Аружан Өтепбаева бөлісті. ІІІ орынды Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы Айым Бейбітқызы иеленді. Жеңімпаздармен байқауға қатысушыларға мақтау қағаздары салтанатты түрде табысталды.

 


Зарина МҰСАБАЕВА,
орталық балалар кітапханасының меңгерушісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев