Жас тұлпарлар шабысы

12 марта 2015 - Веб-редактор
article6189.jpg

Торғайда мектеп оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған аудандық «Жас тұлпар» ақындар айтысы өтті. 

 

Жыр додасына түскен әр-бір жас ақын өз ерекшеліктерімен көріне білді. Бірі белгілі айтыскер Балғынбек Имашевтың мақамымен жырларын көркемдесе, енді бірі Айнұр Тұрсынбаеваның әуеніне салды. Жас ақындар еліктеді десек те, бүгінгі қоғамдағы мәселелерді өз жырларына қосып, тақырып төңірегінде де толғады.
Шараны ұйымдастырушы аудандық білім бөлімінің әдістемешісі Әсем Құлмағанбетова қорытынды сөзінде жас ақындарға әлі де болса дұ-рыс бағыт-бағдар беріп, сөз қолдану тәсілін үйретуде жетекшілердің тынымсыз жұ-мыс жасау керектігін алға тартты. Қазылар алқасының шешімімен, Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің оқушысы Олжас Қапан бас жүлдені иеленді. Бірінші орынды Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектептің оқушысы Азамат Жолдыхан жеңіп алды. Екінші орынға Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің оқушысы Аида Төленді лайықты деп бағаланды. Үшінші орын Аңсаған Қоңқабаев атындағы орта мектептің оқушысы Ақниет Нұрманның еншісінде. Айтыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды. Сахна төрінде сөзден тосылмай, шешендік таныта білген кейбір жас ақындар өздеріне тән номинациялардың иегерлері атанды.
 
Гүлім ЫСМАҒҰЛ
Торғай 
comments powered by HyperComments

Комментарии

 

Видео