Білімділер жарысы

12 марта 2015 - Веб-редактор

Жақында Арқалық қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Жастар бастамалар орталығы әртүрлі салада жұмыс істейтін жас мамандар арасында «Полиглот-2015» интелектуалды-танымдық сайысын ұйымдастырды. 

 

Жас мамандардың білімдерін шыңдауды, олардың кәсібилігін арттыруды мақсат тұтқан сайысқа қалалық ішкі істер басқармасынан, облыстық дала өлкесі тарихы мұражайынан, қалалық медицина колледжінен, Абай Құнанбаев атындағы №6 орта мектептен, қалалық тілдерді дамыту орталығынан және Арқалық қаласы көпсалалы колледжінен үміткерлер қатысты. Жарыс үш кезеңнен тұрды: «Бәйге», «Жорға», «Дода». 
 
«Бәйгеде» сайыскерлерге ортақ бір сұрақ қойылып, жылдамдық пен тапқырлық сынға алынса, «Жорға» кезеңінде сайыскерлер алты ұяшықтың бірін таңдап, сұрақтарға бір минут ішінде жауап беруге тырысты. «Дода» кезеңіне сайыстың шарты бойынша ұпайы жоғары үш сайыскер жолдама алды. 
 
Шешуші сында «Шәмші Қалдаяқов», «BBC теле-радио кешені», «Мұражай» тақырыптарында 10-40 деңгейлі сұрақтар ұсынылып, сайыскерлерден дұ-рыс әрі батыл жауаптар күтілді. Жас мамандардың білімін анықтау үшін әділ қазылар құрамын-да қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Алмагүл Жұмабаева, мәдениет сарайының әдебиет бөлімі меңгерушісі Жандос Рахметов, Жастар бастамалар орталығының жетекшісі Амангелді Ахметжанов отырды. 
 
Сөйтіп, тартысқа толы жарыста қалалық ішкі істер басқармасының аға лейтенанты Данияр Садуақасов жеңіп шықты. Екінші орын облыстық дала өлкесі тарихы мұражайының қызметкері Ақмарал Атымтаеваға бұйырса, үшінші жүлдені Абай Құнанбаев атындағы №6 орта мектептің өкілі Әсел Қосабергенова місе тұтты. Қалған сайыскерлерге де ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.  
 
Лаура ҚОЯНБАЕВА,
Жастар бастамалар орталығы әдіскері
Арқалық қаласы 
 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев