Түлектер тәжірибелерімен бөлісті

11 января 2018 - Администратор
article15775.jpg

Елбасы Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы көптеген жұмыстардың атқарылып, соның аясында бірқатар шаралардың өтуіне сеп болды. Жуырда осындай бағыттағы форум Байғабыл ауылында өтті. «Мектеп түлектерінің бірінші форумы» атауындағы шараның маңыздылығы болашақ түлектерге мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар көрсетуінде болды.

 

Қазіргі таңда мектеп бітіруші түлектердің алдында «мамандық таңдау» атты үлкен қадам тұр. Себебі, болашақта еліне, жұртына қыз- мет етуді мақсат ете отырып, қай саланы таңдаса да, жанына жақынына мән берген абзалырақ. Бүгінде қоғамда бір мамандықта білім алып, алайда жұмыстың табылмауынан немесе ата-анасының қалауымен оқып, кейіннен бітірген соң оған бүйрегі бұрмай басқа салаға бас сұғып, жұмыссыз жүргендер қаншама. Міне, осындай мәселелер орын алмау мақсатында ең алдымен мектепте түлектермен түрлі жұмыстар жасалуы керек. Осындай тағылымы мол шара Байғабыл ауылдық Ақан Нұрманов атындағы орта мектебінде өтті. Бастысы – өз салаларында қызмет етіп, белгілі бір жетістіктерге жеткен маман иелерінің тәжірибелерімен бөлісулері арқылы, жастардың мамандықты саналы түрде таңдай білуіне ықпал ету. Ұйымдастырушылар тәжірибемен бөлісуші тұлғалардың сол өңірден болуына да аса мән берген. Бұл алдымен, мұндағы түлектердің өздері білім алып жатқан білім ошағынан қандай жандардың тәлім алғанын біле жүрулері үшін қажет болса, екіншіден, осындай аға-әпкелерге қарап бой түзеп, болашаққа деген сенімдерін арттыру мақсатында болып отыр.

Аталмыш іс-шара Байғабыл ауылының ақылдастар алқасының бастамасымен және Амангелді ауданы білім бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылған. Кездесуге арнайы қатысқан Амангелді ауданының әкімі Нұржан Өтегенов құттықтау сөз сөйлеп, қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар тізіміне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтарды таңдауға кеңес берді. Сонымен қатар, шараның ұйымдастырылуының басы-қасында жүрген өңір тумасы, белгілі кәсіпкер, «Алатау» АҚ басқарма төрағавсының орынбасары Жомарт Түбекбаевқа алғысын білдірді.

Форумға бағыт беруші маман иелерінен бөлек жоғары және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының өкілдері де келді. Олар түлектерге жалпы оқу орын, мамандықтар атауы, ақысыз және ақылы оқу және де өзге де жеңілдіктер жөнінде толығырақ ақпараттар беріп, шағын көрме ұйымдастырды.

Бастапқыда мектептің мәжіліс залында бас қосқан мамандар өздерін қысқаша таныстыра өтіп, мамандық жөнінде аз-кем ақпаратпен бөлісіп, кейін ол туралы толық мәліметті арнайы бөлінген бірнеше сек- цияларда жалғастырды. Мысалға, бірінші секция металлургия және техникалық саладағы мамандықтарға арналса, екіншісі медицина саласындағы мамандықтар бойынша, ал үшінші секция өнер, журналистика саласындағы мамандықтарды қамтып, төртіншісі білім және ғылым, экономика – қаржы, бизнес және менеджмент саласы бойынша, бесінші секцияда транспорт, жол, инфрақұрылымдық құрылыс, телекоммуникация, радиотехника сала аясындағы мамандықтар жөнінде түлектермен әңгіме өрбітті. Мектеп оқушылары да өздері қалаған секцияға кіріп, маман иелеріне толғандырып жүрген сауалдарын қойып, нақты жауаптар ала алды.
 


– Мен бала күнімнен дәрігер болуды армандап келемін, – дейді 11-ші сынып оқушысы Айзере Сабыр. – Алайда нақты қандай саладағы дәрігер болуды шешпеген едім. Бүгінгі форумда болашақ мамандығым тұрғысында сол салада жетістікке жеткен жерлесіміз Қуандық Бейсенов ағаймен әңгіме-дүкен құрдық. Медицина саласы бойынша біраз мәліметтерге қаныққан соң хирург маманы болсам ба,- деп топшылап отырмын. Әрине, мұндай мамандық иесіне көп оқып, үнемі біліміңді шыңдап отыру керек. Дәрігер боламын деген ой келгенде басында қорқыныш болып еді. Яғни, болашақта адам өміріне өзің жауапты болып, араша түсесің. Сол себептен, өзгесіне ауысу да ойда болған.  Бірақ, мектебімізде өткен форум түгелдей қорқынышымды сейілтіп, сол мамандыққа деген сүйіспеншілігімді оятты. Сондықтан болашақта білікті дәрігер болуды көздеп отырмын.

Форумға Ресей теxникалық ғылымдарының докторы, ҚР ҒА жаратылыстану ғылымының академигі, ҚР еңбек сіңірген металлургі Серік Садықов, жоғары санатты уролог-дәрігер, медицина ҒК, Астана мемлекеттік медицина университетінің доценті Қуандық Бейсенов, Ақмола облыстық Үкілі Ыбырай атындағы мемлекеттік филормониясының әншісі, ҚР еңбек сіңірген әртісі  Ғазиза Жүмекенова, Арқалық ауданаралық жол пайдалану кәсіпорнының директоры, «ҚР Құрметті жолшысы» Есенғали Амантаев, Астана қаласы Биллайн байланыс торабының теxникалық қызмет көрсету орталығының директоры Мұрат Тасжанов, зейнеткер, ҚР телекоммуникация және байланыс жүйесінің еңбек сіңірген қызметкері, 2014 жылғы Қазақстанның үздік байланысшысы Қойшыбай Сарманов және өзге де азаматтар қатысты.
 


Аталмыш шара жоғары деңгейде өтіп, болашақ жастарға үлкен көмек болды. Осындай форумнан кейін мектеп түлектері мамандық таңдаудан қателеспесе, онда қойылған мақсаттың орындалғаныдығының белгісі болмақ.

Ақбота САҚҰЛОВА

суреттер мектеп мұрағатынан алынды

comments powered by HyperComments

Послание

Послание Президента: «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции»
10 января 2018 - - 0 - 92 Администратор
Послание Президента: «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции»
В среду, 10 января, на официальном сайте Акорды было опубликовано Послание президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева народу Казахстана. Подробнее...

Агроспецтехника

Агроспецбаннер

 

 

Комментарии