Қамкөңіл балалар қуанды

8 января 2015 - Веб-редактор

Жаңа жыл қарсаңында, Қостанай қалалық әкімдігінің бастамасымен «Жаным» қайырымдылық акциясы болып өтті. Әкімдік ұжымы мен қалалық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекемелер, коммуналдық кәсіпорындар, мердігер ұйымдар өз қаражаттарына алты жүзден артық балаға сыйлықтар дайындады. 

 

Бұл шарада Аяз Атаға өз тілектерін айтып, хат жолдаған ата-ананың қамқорлығынсыз қалған және тұрмысы төмен отбасылардың балалары қуа-нышқа кенелді. Қала әкімі Ахмедбек Ахметжанов акцияның мән-маңызы туралы айта келіп, мерекелік лебізін жеткізді. Жанат Сұлтанов, Лаура Киныбаева, Әлихан Меңдіғалиев сынды балалар әкім қолынан тәттілер мен планшеттер алды. 
Сонымен қатар, жеткіншектерді Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлыбек Халықов пен «Таза жол» серіктестігінің басшысы Тойжан Айтенова да құттықтады. Салтанатты шарадан кейін Аяз Аталар мен Ақшақарлар қап-қап сыйлықтарын күймелері мен көліктеріне артып, жетім балалар мен аз қамтылған отбасылар тұратын мекенжайларға аттан-ды. Керемет жарасым тапқан көріністі қала жұртшылығы ұзақ тамашалап тұрды. 
 
Акция аясында «АБЗ +», «Вескор», «Тазалық 2012» ЖШС, «ҚЖЭК», «Қостанай Су» МКК және басқа да қала кәсіпорындары белсенділік көрсетті. Солардан аударылған қаражатқа балалар үйінің, жетім балаларға арналған мектеп-интернатының, кәмелетке толмағандарды бейімделу орталығының, отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының және облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне сыйлықтар алынды. Акция барлығы алты жүзден астам баланы қамтыды.
 
 
Асыл ҚАСЫМ
сурет kostanay-city.kz 
сайтынан алынды 
 
comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев