Сан қырлы өнер иесі

23 мая 2018 - Веб-редактор
article16727.jpg

 Туған Торғайын өз туындысына қосып, кішкентай өлкеніңатын республика ұртшылығына танытқан композитор, дарынды дирижер Болат Хамзин де осындай талантты жерлестеріміздің қатарында. Саналы ғұмырын музыка саласына арнап, туған жерін жырға қосып өткен өнерпаздың туғанына биыл 80 жыл толып отыр.

...1950 жылдардың аяғында Торғайдағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияны бітіріп келген жас маман Болат Хамзаұлы ән сабағынан дәріс берген. Бұл кісі торғайлықтардың арасынан музыка саласынан жоғары кәсіби білім алған алғашқы адам болатын.

К о н с е р в а т о р и я демекші,сонда оқып жүріп оркестр құрамында Мәскеуде 1957 жылы өткен 1-Бүкілдүниежүзілік жастар мен студенттердің фестиваліне қатысады, сондай-ақ, Жеңістің 40 жылдығына орай өткен Бүкілодақтық көркемөнерпаздар шығармашылығы байқауынан да лауреат болып оралады. Оның дирижерлік қабілетінің жоғары екенін қазақ өнерін әлемге танытқан дара тұлға Ахмет Жұбанов та байқап қалады. Болашақ композитор сынақ тапсырғанда, оның білімін жоғары бағалап, зор үміт күткен көрінеді. Ахмет Жұбановтың алдында қара домбырасын қолына алған Болат ағамыз Темірбек Ахметовтің «Жетім бала» күйін әуелете орындапты.

Сонда Жұбанов «Мен білсем, мына баланың бойында асқақ шабыт бар, болашақта нағыз сазгерлік қонады екен» депті. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жерлесіміз

ақын Серік Тұрғынбекұлы өз естелігінде сол кездегі Торғай ауданы Мәдениет бөлімінің басшысы Сәмен Жаңабергеновтің ұйымдастыруымен, Болат Хамзаұлының қолдап, тікелей араласуы нәтижесінде халық театрының ұжымы жұртшылыққа М.Әуезовтің «Қаракөз», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», Ш.Хұсайыновтың «Шаншар» спектакльдерін қойып, көрермендерінің ықыласына бөленгенін айтады. Айта кетейік, бүгінде марқұм болған танымал қаламгерлер Сабыржан Шүкірұлы, Сейіт Кенжеахметұлыда сол кездегі халық театрының белсенді мүшелері болатын.

Ұлттық өнердің көгінде қалықтаған Болат ағамыз бүгінде өзінің есімін иеленген саз мектебінің іргесін қаласқан еді. Мұнда жыл сайын ондаған жасөспірім күй өнерінен білім

алып шығады.

Сондай-ақ Н.Ахметбеков атындағы Мәдениет үйінде талмай жұмыс істеген тума талант әр жылдары аудандық Мәдениет бөлімінің меңгерушісі, көркемдік жетекшісі болып

еңбек етіп, елде саз өнерінің дамуына ерекше үлес қосты. Торғайдағы халық театрының іргесін қаласып, «Ғасырлар пернесі» халық оркестріне жетекшілік етті. Өнердің нағыз

ұйытқысы болып, жұлдыздай жарқырады. Бүгінде Нұрхан Ахметбеков атындағы Мәдениет үйі қабырғасында «Бұл үйде Қазақ КСР-нің мәдениетіне еңбек сіңірген қызметкер Болат Хамзин қызмет істеді» деген жазуы бар тақтайша көзімізге оттай басылып, өнерге ден қойған жастарға да керемет жылылық сыйлайды.

Танымал ақындардың өлеңдеріне әсем ән жазған Болат Хамзаұлының ең алғышқы  туындысы «Ұялмашы, қалқатай» әні болатын. Сөзін белгілі журналист, жерлес ақынымыз Бекболат Әдетов жазған. Бұдан әрі «Торғай жастарының вальсі», «Қайдасың, шолпаным-жұлдызым», «Торғай қызы», «Амангелді ұрпағы» сынды жұртшылық сүйсіне шырқайтын әндерді дүниеге әкелді.

Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы атындағы әдеби музейде Болат Хамзиннің арнайы бөлмесі бар. Мұнда композитордың фестиваль, өнер байқауларынан жеңіп алған медаль, дипломдары, «Еңбек ерлігі үшін» медалі қойылған. Көптеген грамотасы тізіліп тұр. Бүгінде Болат Хамзаұлының ұрпақтары әке жолын қуып,

музыка саласының мықты мамандарына айналды. Қыздары мен ұлдары – Ләззат, Жанат, Гүлзат, Айбар, Гүлмиралар білікті сазгер, шебер орындаушы, ұлғатты ұстаздар атанды.

Айбар ағамыз «Шабыт» сыйлығының иегері.Ал, Гүлзат Болатқызы «Қазына» сыйлығының жеңімпазы.

Таяуда «Болат Хамзин» қорының президенті Ләззат Болатқызымен аз-кем тілдесудің сәті түскен болатын. Ол композитордың 80 жылдығына орай ұйымдастырылатын ісшаралар туралы пікір білдірді.

«18 мамыр күніне қарсы аудан орталығында өткелі отырған әкемді еске алу кешіне Астана қаласынан «Алаш аманаты» қоғамдық бірлестігі, Б.Хамзин атындағы Шығармашылық үйінің Еңбек ардагерлері хорұжымы, Б.Хамзин атындағы қоғамдық қор жанындағы Ән мектебінің шәкірттері де іс-шараға қатысуға дайындық үстінде.

Торғай селосынан бастау алып, жыл бойы облыс, Республика көлемінде бірнеше көлемді іс-шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Б.Хамзиннің әндерін өңдеу, таспаға басу,  оркестрге лайықтауды қолға алмақпыз.

Сонымен қатар Астана қаласында да еске алу кешін ұйымдастыру көзделіп отыр» деп жауап берді ол. Көпқырлы композитор бір сұхбатында «Өнерге сүйіспеншілігіме ештеңе тең келмейді-ау. Күй сазы, ән сазы мені басқа бір әлемдермен таныстырып жүргендей сезінемін» депті.

Ендеше,жас ұрпақ сіздің құлақ құрышын қандырар әсем әндеріңізді тыңдап, оны барша халыққа таныстыра береді, Болат Хамзаұлы!

Гүлім ЫСМАҒҰЛ,

суреттер автордан

comments powered by HyperComments

Послание

15000

Г-спешл

 

Облако тегов

1 мая 100 шагов по реализации 5 реформ Air astana Diezel sun Diezelsun Expo Mazda2 Qagro.wordpress.com «атамекен» «горняк» «лучший товар казахстана» «сделано в казахстане» «шаңырақ» автомобили авторынок аким акимат акиматы акция алмазбек атамбаев